Қазақ тілі апталығының есебі Мақсаты: Тіл –ұлттың мақтанышы, тірегі,, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып,
оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде
қастерлеуге үйрету.
2023 жылдың 07 – 11 наурыз аралығында қазақ тілі апталығы өтті.
Апталық салтанатты жиынмен ашылды.
Апталықтың екінші күні Темиргалиева С.К. 6-сыныпта «Сиқырлы әлем» тақырыбында ойын- сабақ өткізді. Сабаққа орыс тілі мен ағылшын тілі мұғалімдері қатысты.Мұғалімдер өз бағаларын берді. Сабақтың басында үй жұмысы тексерілді. Жаңа тақырып түрлі әдіс-тәсілдер, ойындар арқылы ұйымдастырылып, оқушылар жоғары қызығушылықтарымен орындады. Сабақта қолданылған тапсырмалар: сөзжұмбақ,оқылым, жазылым, айтылым, аударма,«Кім жылдам?» ойыны т.б.Сабақ соңында оқушылар лайықты бағаланып,
сабақтан алған білімдерін жинақтап айттылды .Үнемі сабақ барысында қалыптастырушы бағалау жүргізіліп отырды. Сынып көшбасшысы анықталды. Сабақ өз мақсатына
жетіп, жақсы бағаланды.
Апталықтың үшінші күні Байбосынова Г.О.
3-сыныпта «Бұл кім?Бұл не?» тақырыбында сабақ өткізді. Сабаққа қазақ тілі, орыс тілі мен ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері қатысып, өз бағаларын берді. Сабақ ойын түрінде өткізілді
Апталықтың төртінші күні Мухамедиева А.Ж. 8 сыныпта «Тілдің құрметі»атты сыныптан тыс іс – шара ұйымдастырылды. Сабаққа орыс тілі мен ағылшын тілі мұғалімдері қатысты.Мұғалімдер өз бағаларын берді. Тақырып түрлі әдіс-тәсілдер, ойындар арқылы ұйымдастырылып, оқушылар жоғары қызығушылықтарымен орындады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері түрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың мемлекеттік тілді жетік меңгеріп білуіне көңіл бөліп, пәнге деген
қызығушылықтарын арттырып, ізденімпаздық қабілеттерін оята білді.
Қорыта келгенде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы белгіленген жоспар
бойынша өткізілді.Апталыққа белсене қатысқан сыныптар марапатталды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мүғалімі: Байбосынова Г.О
Мухамедиева А.Ж.
Темиргалиева С.К.