Емтихан жұмысы өтілген тақырыптарға сәйкес келетін екі мәтін үзінділерімен жұмысқа негізделеді (мәтіндердің жалпы көлемі – 400-450 сөз).
Білім алушылар мәтін үзінділері негізінде екі мәтіндегі ақпараттарды өңдей отырып, 100-150 сөзден тұратын жазба жұмысын (эссе) орындайды.
Емтихан жұмысының сипаттамасы
Гуманитарлық циклдағы пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептің білім алушылары үшін емтихан жұмысы өтілген тақырыптарға сәйкес келетін екі мәтін үзінділерімен жұмысқа негізделеді (мәтіндердің жалпы көлемі – 450-500 сөз). Білім алушылар мәтін үзінділері негізінде екі мәтіндегі ақпараттарды өңдей отырып, 150-200 сөзден тұратын жазба жұмысының 1-еуін (мақала, эссе, әңгіме) орындайды.
Емтихан жұмысының сипаттамасы
Тапсырмада білім алушылардың мәтін ақпаратын өңдей отырып тиімді пайдалануы, стильдік және жанрлық ерекшеліктерді сақтап, аргументтер келтіре отырып, жүйелі және сенімді жаза алуы, өз ойларын дәлелді жеткізуі, сонымен бірге сөздік қор мен орфографиялық, грамматикалық норманы сауатты қолдану қабілеттері бағаланады.