4.2.2.1 Берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру
4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп
сөйлеу
4.2.4.1 Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау
4.2.5.1 *Шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім бойынша, ... оның пікірінше, ... оның айтуынша, ... кейбір адамдардың ойынша,...) салыстыра
отырып бағалау
Лексикалық минимум
Лексиканы меңгерту сабағы
Пәнаралық байланыс
Әдебиеттік оқу
Алдыңғы білім
А. Құнанбайұлы – ұлы ақын
Сабақтың барысы
С.кезеңі
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурстары
Кіріспе
Бұл сабақ «Мәдени мұра» бөлімін түгелімен қайталауға арналып беріледі. Оқушылар бұл сабақта бөлімді ауызша қайталайды. Алда ұсынылатын негізгі ойын тапсырмасына дейін мұғалім оқушыларды ширатып, өткен тақырыптарды қайталату жұмыстарын, бір сөзбен айтқанда, алдағы айтылым тапсырмасына дайындайды.
Мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатымен тақырыпқа сай таныс заттарды немесе олардың суретін алып келеді. Бұл зат атауларын түрлі ойын тәсілдерін қолданып қайталатуына болады. Мысалы, ұлттық қолөнер туындысы болып табылатын кішкене кәдесыйлықтар болса, оқушылардың тақтада 1–10 арасында ұсынылған сандарды таңдап алып, сұраққа жауап беруіне байланысты ұттырып ойнатуға болады. Сыйлықтар арасында кей сандардың сыйлығы ретінде балаларға бата беруге немесе аманат беруге болады. Сұрақтардың ішінде «Тұсау кесу» жырын айтып бер деген сауалдарды да қосқан маңызды болып табылады. Егер мұғалімнің мұндай мүмкіндігі болмаса, кәдесыйлардың орнына ұлттық қолөнер заттарының суреті салынған каточкалар беруіне болады және оның артына оқушыны қанаттандыратын марапат, мақтау сөздер жазылып берілсе немесе арнайы өлең шығарылып жазылса да болады. Мұндай тапсырмалар оқушының сабаққа деген ынтасын, ықыласын арттырады. Бұл тапсырма барысында оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өздерінің айтылым дағдысын дамытады, 4.2.3.1 белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилінсақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу) оқу мақсатын жүзеге асырады.
5 мин
Мұғалім-сынып
Негізгі бөлім
Мұғалім оқушыларға өте қызықты тапсырма орындайтындарын хабарлайды. Оқулықтың соңғы қайталау бетін ашуларын өтініп, оқушыларға оқулық бетінде жазылған ойын шартын түсіндіреді және өзі ойынды бастап үлгі көрсетеді.
Бұл ойынды топ болып немесе жұп болып ойнауға болады. Оқушылар мұғалім үлестіріп берген сұрағы бар карточкалар топтамасын кезектесіп ашу арқылы сұрақтарға жауап беріп, өзге топтармен жарысады. Сабақта мұғалім шамамен мынадай сұрақтарды карточка түрінде дайындап қояды.
Балалар қайдан келеді?
Кемел кәзекейді кімнен алды? Ата-әже қайда тұрады?
Мал қайда жайылады? Құмыра неден жасалады? Нұрәлі белдікті кімнен алды? Қолға тағатын әшекей зат не? Сандық неден жасалады?
Тұсау кесетін жіп қандай болады? Балалар тағамдарды қайда салады? Әжелер бастарына не киеді?
Атадан балаға қалатын затты не дейді? Текеметті неден жасайды?
Ескі қаланы басқаша қалай атаймыз? Текеметтің қандай пайдасы бар?
Ағаштан тұрмыстық заттарды жасайтын шебер адамды кім деп атайды? Жорықта қандай ұлттық аспап қолданылған?
Айтысатын адамды кім деп атаймыз?
Сәби дүниеге келгенде жасайтын тойды не дейміз? Жеті пернесі бар ұлттық аспап не?
Қолжазба дегеніміз не?
Үлкен аталар айтатын тілекті не дейді? Қандай ұлттық тағамды білесің?
Кішкене кезінде сәби қайда ұйықтайды?
Жүзік, білезік жасайтын адамды кім деп атайды?
30 мин
Жұпта
Қорытынды бөлім
Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру мұғалім үшін өте маңызды.
Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір -бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға мұғалім бұталы ағаш суретін
ұсынып, оқушының өз орнын анықтауын сұрауына болады. Осылайша оқушылардың өзін-өзі бағалауы жүзеге асады.
5 мин
Сынып-мұғалім
Бағалау
Бағалау критерийлері
Берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру
Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын
мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату,
Дескрипторы
Өз ойын жеткізе біледі.
Айтылым барысында орынды кідіріс жасайды.
Жоспар, сызбаларды қолданып
сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау
Шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім бойынша, ... оның пікірінше, ... оның айтуынша, ... кейбір адамдардың ойынша,...) салыстыра отырып бағалау
сөйлей алады.кейіпкерге баға бере алады.
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы
ақпарат алдым?