|
Келесі тапсырма «Мәтінді тыңдап, жаза аламын» айдарында беріліп, оқушылардың есіне сақтау қабілеттері мен сауаттылықтарын шыңдау мақсатында диктант жаздырылады. Мұнда жаңа сөздер қайталанып, жазылуы мен айтылуына көңіл бөле отырып ескерілуі тиіс. Мұғалім қиындық тудыруы мүмкін сөздерді ерекше атап өтіп, қатенің алдын алады. Бұл диктантты мұғалім өзі оқуына болады. Тіпті мәтінді ортасынан бөліп, оқушылардың біріне- бірі жаздыруына мүмкіндік беруге болады. Болмаса, диктант өткізуді ұйымдастыра алады.
Диктант
Мәтінді тыңда. Ілесіп диктант жаз.
Ғарыш, ғаламшар тақырыбы біздер үшін өте қызықты. Қазіргі кезде ғылым мен техника жақсы дамыған. Ғалымдардың көмегімен ғарышкерлерді ғарышқа апаратын ғарыш кемесі жасалды. Олардың әуеде, ғарыш кеңістігінде еркін қозғалуы үшін және зерттеу жүргізуі үшін киім мен тағамдар ойлап табылды. Зорайтқыш құралдардың көмегімен астроном ғалымдар ғаламшарларды жерден бақылай алады.
|
5 мин
|
Жеке жұмыс. Жұптық жұмыс Сынып
|
Диктант жазу
|
Келесі сандықша тапсырмасы «Оқыған мәтін бойынша сұрақ құрастырып жаза аламын» айдарымен ұсынылып, диктант мәтіні бойынша оқушы 3 сұрақтан жазуы тиіс. Және өзге оқушылар сұрақтарға жауап беріп, есіне сақтау жұмыстары бекиді.
|
7 мин
|
жұптық Жұпт.ж. Сынып
|
|
Келесі «Сандар сыры» айдары бойынша сандықшадан өткен тақырыптарға сай сандар легі ұсынылып, ол сандар қандай ақпараттарды бере алатынын сұрау арқылы да оқушылардың сан есімді қолдану ережесі мен нақты ақпараттарды есіне сақтауды
жүзеге асыра алады.
|
2 мин
|
Жеке ж. Жұптық жұмыс
|
Сандар сыры
|
Қор. бөлім
|
5 жолды өлең арқылы «ғарыш» сөзін талдап, сабақты қорытады.
|
3 мин
|
Сынып- мұғалім
|
Сызба-нұсқа
|
Қосымша ақпарат
|
Бағалау критерийлері
Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
Көптік\тәуелдік\жіктік\ септік жалғаулы сөздерді
ауызша\жазбаша қолдану
|
Дескриптор
Тарауға қатысты мәндес және қарсы мәндес сөздерді таба алады.
Тақырыпқа байланысты сұқбатқа қатыса алады.
Қосымшаларды сөздерге дұрыс жалғайды.
|
Рефлексия
|
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
|
|
Бүгін оқушылар нені үйренді?
|
|
Оқыту ортасы қандай болды?
|
|
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
|
|
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
|
|