4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
4.3.1.1 Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып\шолып белгі
қойып оқу
Лексикалық минимум
Ақырын, өзге, қорап, кілт жаңа сөздерін үйреніп,
Кімді? Нені? Сұрақтарына жауап бере білуге үйрету.
Алдыңғы білім
Қайталау
Пәнаралық байланыс
Дүниетану
Сабақтың барысы
С.кезеңі
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурс- тары
Кіріспе
Мұғалім сабақты бастамас бұрын Алдаркөсеге алданбауын ескертеді. Сынып оқушылары өз ойларын айта алуы үшін мұғалім алдымен өзі үлгі көрсетеді. Ол үшін сабаққа Алдаркөсе кейіпкерін әкеліп сөйлетеді. Мысалы, Алдаркөсе:
«Мына суреттегі менің арғы атам, біліп қойыңдар, балалар», – деп жауап береді. Бұл үлгіні оқушылар өздері жауап беру үшін қолданады. Алдымен тілдік қабілеті жоғары оқушылардан сұрап, оларды өзгелерге үлгі етеді. Мұғалім сабақтың ұйымдастыру бөлімін аяқтап, негізгі
сабақтың тақырыбына ауысады.
2 мин
Мұғалім-сынып
Оқулық
«Болжау»стратегиясы арқылы «Ойланайық» тапсырмасында Алдар ата оқушыларға белгілі бір кейіпкерлердің суреттерін көрсетеді. Онда кейіпкерлер суреті мен тек есімдері ғана жазылады. Ал оқушылар суреттегі кейіпкерлерді сипаттап, олар туралы өз ойларын ортаға салады. Талғат, Тілеухан, Санжар, Азамат сынды кейіпкерлердің суретіне қарап, жас шамасын, немен шұғылданатынын т.б. қасиеттерін оқушы аша түсуі керек. Осы А тапсырмасын оқушылар айтып, өз болжамдарын жасаған соң, ойларының дұрыс-бұрысына көзжеткізу
тапсырмасы – Ә тапсырмасы ұсынылады.
3 мин
Топтық жұмыс
Сурет- тер
Негізгі
Мұнда сөйлемдерді оқушылар оқи отырып, кім туралы айтылғандығын анықтап сәйкестендіреді. Осылайша оқушылар Алдар атасының жасырған суреттеріне толық жауап беріп, қажетті ақпараттармен қанық
болады.
5 мин
Жеке
Оқулық
Келесі Алдар атаның тапсырмасы «Жаңа сөз үйренейік»деп аталады. Бұнда да Алдар ата тағы түрлі суреттерін жасырып, астына сөздер көрсетеді (қорап, өзге, кілт, ақырын) сөздерін суреттерді сөйлету арқылы тауып айтады, жаттайды, қайталайды. Немесе «Прожектор моделі» әдісіне жүгінуге болады. Мұнда оқушы оқуды үйренген кезде, ол өзі білмейтін сөзді кездестіреді, бұл баланы сөзді «шешуге», не мәнмәтіннен, болмаса сөйлемнің құрылысынан ол сөзді түсінуге немесе осының алдындағы білімінің негізінде сөз формасын немесе дыбысталуын тануға ынталандырады.
Мұғалім оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту үшін сөздікпен жұмыс жүргізеді. Алдымен әр жаңа сөзді өзі айтып, дұрыс айтылуын оқушыларға естіртеді. Одан соң оқушылардың қайталауын сұрап, жаттықтырады. Әр сөзді жеке-жеке үйретіп, оларды үйрету барысында оқушылардың алдымен топ болып қайталауын, одан соң жұп болып, соңында жеке-жеке қайталауын жүзеге асырады. Сондай-ақ мұғалім оқушылардың сөздерді оңай жаттап алуына ден қойып, түрлі әдіс- тәсілдерді қолданады. Мысалы, жаңа сөздерге қатысты суреттердің арасынан біреуін жасырып, «Қайсысы жоқ?» деп сұрауға болады немесе суреттердің орындарын ауыстырып «Қайсысы орын ауыстырды?» деп ойын түрінде еш мәжбүрлеусіз сөздерді
жаттатқызады.
5 мин
Мұғалім-сынып
Оқулық
Келесі Алдар атамен бірге оқушылар «Жаттығайық»тапсырмасын орындайды. Тапсырмада жаңа сөздерді тастап кеткен сөздерді орнына енгізу арқылы толық сөйлем құрап, қайталап пысықтайды.
Мыс: Қорап құлайды, Санжарға Азамат «ақырын» деп айқайлайды.
Мынадан өзге кілт керек.
3 мин
Мұғалім- сынып
Оқулық
Алдардың келесі тапсырмасы «Болжайық» айдарымен беріліп, көрсетілген суреттерге қарап, оқушылар ұсынылған сөздерді
басшылыққа ала отырып, алдағы оқитын мәтінді болжайды. Менің ойымша, әңгіме ... туралы, Оқиға ... туралы болды,
Әңгімеде ... кейіпкерлер бар, Олар ... сияқты сөздермен бастап жауап беріп отырады.