Бүгінгі сабақты қорыту мақсатында оқушыларға сәйкестендіру тапсырмасы беріледі. Оқушылар берілген сөздер мен қосымшаларды ирек сызық арқылы ережеге сай сәйкестендіреді.
Менің ауылы Сіздің үйіңіз
досы мектебім қалаң
ойыншығым дәптері гүлің
бақшаң
Сенің Оның
Бүгінгі сабақты бекіту және жазылым дағдысын дамыту, өз ойын жазбаша сауатты жеткізу мақсатында оқушылар үй жұмысы ретінде өз ауылы туралы жазып келеді. Мұғалім үй тапсырмасының орындалу барысын түсіндіреді. Өз ауылы туралы жазуды бастамас бұрын, дескриптор құрылып, оқушыларға тірек сөздер беріледі.
Тірек сөздер:менің ауылым, өзеннің жанында, таудың етегінде, ауылдың ішінде, ауылдың сыртында, ауылдың
жанында, өзеннің жағасында.
3-5 мин
Сынып-мұғалім
Сәйкестендіруге арналған сөздер жазылған плакат
Рефлексия: «Күн мен Түн». Тақтада Күн мен түннің суреті ілініп тұрады. Оқушы сабақты толық түсінген болса, стикерді Күнге жапсырады. «Түсінбедім, сұрақтарым бар», – десе, стикерді Түнге жапсырады.
Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.
Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері байланыс
орнатудың маңызы зор.
Бағалау критерийлері
Мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс жазу.
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпараттар алдым?