Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет7/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

«ПИРАМИДАЛЫҚ ТАЛҚЫЛАУ»


Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап, ортақ пікір қалыптастырады. Топ мүшелерінің саны 4 оқушыдан болуы керек. Әр топ таратылған флипчарт қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір-бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып, ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын қорғайды.


«ФИШБОУН» (Балық қаңқасы)


Пайдаланатын мақсаты: мәселені/тақырыпты талқылауға арналған жаттығу.
Орындалу барысы: басы – тақырыптың мәселесі, үстіңгі сүйектері – тақырыптың негізгі түсініктері, астыңғы сүйектері – себептері, құйрығы – мәселенің шешімі. Қаңқадағы жазу қысқа болу керек, олар фразалар болуы да мүмкін.


«ҚАРЛЫ КЕСЕК»


Мысалы, мақал-мәтелдер туралы мәтін оқыған соң, мұғалім немесе оқушылардың өздері мақал-мәтел жазылған қағазды умаждап, бір-біріне лақтырады. Тосып алған оқушы сол мақалдың мағынасын ашып, түсіндіруі керек. Көпшілік білетін мақалдардың тізімін жасайды. Ең көп мақал
жазған оқушылар өз тізімдерін сыныпқа оқиды, ал басқалары кейбір мақалдарды немесе сол мақалдарға қатысты сұрақтарды өз тізіміне қоса алады.
Ақ қағазға бір проблемалық сұрақ жазып, ол қағазды умаждайды. Ол сол күнгі сабақтың тақырыбына байланысты болады. Сосын сол қағаздар оқушыларға таратылады. Кімге сұрақ келсе, сол сұраққа жауап береді. Қалған оқушылар пікір қосуларына болады.


«ҚАҚПА»


Ойынға қажетті құрал-жабдықтар: түсіндірмелі сөздік, қақпаның суреті, оны ауыстырып отырған дұрыс. Мақсаты – жаңа сөздерді оқу. Көргенін жылдам жазу арқылы мағынасын есте сақтау.
Орындалу барысы:
Тақтада қақпаның суреті тұрады; Сынып топқа бөлінеді;
Мұғалім бір сөзді немесе терминді айтады; Топ сол сөзді кестеге толтырады;
Бір оқушы кестені толтырады;
Бір оқушы сөздікпен жұмыс істейді; Бір оқушы гол соғады.



Сөз

Менің аудармам

Сөздіктегі аударма

Сөйлем





























  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет