(Ж) «Оқы» айдарыменұсынылған тапсырма Оқушылар оқулықта берілген өлең мәтініне назарын аударады. Мәнерлеп оқудың үлгісін көрсету. Оқушыларға мәтіндегі мағыналас жаңа сөздерді суреттермен сәйкестендіріп тауып оқиды. «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақтар қою:
Өлеңнен не түсіндің? деген сұрақ қою, оқушылар өз ойларын түсіндіреді.
Өлеңнің ішінен суретке сәйкес келетін мағыналас сөздерді табады.
Бұл тапсырма аясында 4.3.4.1 мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру оқу мақсаты жүзеге асады.
«Оқиық және жауап берейік» айдарымен ұсынылған тапсырмада мәтінді қайталап оқиды. Еңбек адамдарының суретін табады және үлгі бойынша
сөйлейді. Мысалы, комбайыншы-комбайн, диқаншы-диқан.
10 мин
жұптық жұмыс
Суреттер
Оқулық
«Ізденейік» айдары оқушылардың ізденіс жұмысын ұйымдастыруға бағытталған. Оқушылар өздеріне қажет мәліметті іздеп табу қабілетіне ие болу керек. Бұл тапсырма бойынша ғаламтордан немесе сабаққа арнайы әкелінген түсіндірме сөздіктен ақпарат іздетіп, оқушыны
өзбетімен іздене білуге үйретеміз.
«Ойнайық» айдарымен ұсынылған тапсырма оқушылардың алған білімдерін қолданып үйренулеріне арналған. Оқушылардың маңдайына мұғалім осы сабақта таныс болған қызмет иелерінің суреттерін жапсырады. Оқушылар өзіне қарсы тұрған адамнан өзінің кім екенін сұрайды. Қарсы тұрған оқушы «иә» немесе «жоқ» деп қана жауап беруіне рұқсат етіледі. Мұғалім сыныпты аралап жүріп оқушылардың ойын шартын ұстанатындығына көз жеткізеді және өз тарапынан қолдау
көрсетеді.
10 мин
Мұғалім-сынып
Оқулық
«Жазайық» айдарымен ұсынылған тапсырма.
Нан дастарқанға қалай келеді? Еңбек адамдары қандай қызмет атқарады? Мәтінді толықтырып жазады. Яғни оқушылар көп нүктелердің орнына тиісті сөздерді қойып жазады.