4.2.3.1 * Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс беру, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
4.3.2.1 Таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
Мұғалім сабақтың ұйымдастыру кезеңінде оқушыларға «Қандай гүлдің түрлерін білесіңдер?» – деген сауал тастайды. Оқушылар өздері білетін гүлдерді атап, тізімін жасайды. Одан соң мұғалім сыныпқа гүл себетін енгізіп,
гүлдердің ең танымал түрлерін көрсетеді.
5 мин
Мұғалім- Сынып
Негізгі бөлім
Оқушылардың назары оқулыққа аударылып, онда берілген жаңа сөздерді меңгертуге мұғалім баса назар аударады. Әсіресе, сыныпқа әкелінген раушан гүлінің макетін немесе суретін көру арқылы оқушылардың санасында белгілі бір гүл туралы түсінік қалыптасады. Меңгеруге ұсынылған сөздер қатысатын
пысықтау жаттығуы аздық етіп жатса, мұғалім өз жанынан қоса алады.
5 мин
топпен
Оқулық
«Жаттығайық» айдарымен берілген тапсырмада оқушылар осы сабақта меңгерген жаңа сөздерін қолдануға үйренеді. Тапсырманы оқушылар алдымен
жеке орындайды, кейін жұп немесе топ бюолып тексереді.
«Оқиық» айдарымен берілген тапсырма. Оқулықта келесі ұсынылған оқылым тапсырмасын мұғалім «Джигсо» әдісін қолдану арқылы орындатады. Бұл әдіс бойынша сынып оқушылары үш топқа бөлінеді, әр топ өзіне тиіс мәтіндерін оқуға жұмылдырылады. Осылайша әртүрлі мәтін бір уақытта бір сынып ішінде оқылады. Тапсырманың оқылу уақытын мұғалім қатаң қадағалайды.
«Оқиық және жауап берейік» оқушылар постерге сызып, оған оқыған мәтін туралы мәліметті кестеге салады.
Ескертілген уақыт болғанда оқушыларды тоқтатып, өз мәтіндері бойынша тезисті сөйлемдер жазып алуларына рұқсат береді. Бұл жазбаларды жаздыру әлбетте міндетті емес, алайда сөйлеу барысында оқушылардың пайдасына жарайтын нұсқау, көмек болу мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз. Мұндай мүмкіндік соңында әр топ өз мәтіндері туралы пікірлерімен бөліседі.
10 мин
Мұғалім-сынып
Оқулық
Оқулық ұсынатын соңғы тапсырма «Ізденейік»айдарымен беріледі. Бұл тапсырма негізінде оқушылар өздеріне ұнаған өсімдікті зерттеу нысанына алып, ол туралы мәлімет жинақтайды. Және ол мәліметті сынып алдында ауызша баяндайды.
7 мин
Энцикло- педиялық кітаптар
Қорытынды
Мұғалім сабақты қорытындылау үшін «Ыстық орындық»әдісін қолданады. Оқушылардың өз қалауларымен немесе мұғалімнің өз ұйғарымымен бір оқушы ыстық орындыққа отырады. Сынып болып ол оқушыға бүгінгі сабаққа қатысты сұрақ қойылады. Бірнеше оқушы орындыққа ауысып отыру арқылы сабақ түгел қайталанып шығады.
Оқушылар бір-біріне смайликтер жапсыру арқылы бағалайды.