Білімберусалалары: Қатынас, таным
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Көктем.
Мақсаты: көктем мезгіліне байланысты сөздерді қазақша айтуға үйрету.
Білімділік міндеті: жыл мезгілінің ерекшеліктерін қазақша айта алу, суреттер туралы шағын мәтіндер құрастыруды дағдыландыру. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөздерді сөз тіркесімен айтуға, сөйлем құрауға жаттықтыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелікміндеті: табиғаттың әдемілігін көре білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: көктем туралы сөздерін қайталайды, шағын мәтін құрастырады.
Түсінеді: сұрақтарды түсінеді, сөйлемге байланысты суреттерді дұрыс көрсетеді.
Қолданады: көктем айларын, көктем мезгілінің өз ерекшеліктері болатынын біліп, оларды айта алады, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, слайд «Көктем келді», интербелсенді тақта, жұмыс дәптері, қарындаштар, фишкалар.
Билингвалды компонент: көктем – весна, жылынды – потеплело, ериді – тает, бүршік – почки, наурыз – март, сәуір – апрель, мамыр – май.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңіШаттықшеңбер
Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Қайырлы таң, алтын күн! Қайырлы таң, кең далам!
Ғажайыпсәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Үй және жабайы жануарлар» тақырыпты қайталау. Қима материалмен жұмыс. Ойын
«Кім көп біледі». Педагог суреттерді көрсетеді, балалар атайды. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Негізгі кезең
Слайдпен жұмыс.Суретте көктем мезгілі бейнеленген. Жаңасөздерментаңыстыру. – Жылдың қай мезгілі бейнеленген?
– Жыл мезгілі – көктем.
– Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.
– Көктем айларын ата?
– Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.
– Көктемде күн жылынады. Жылы, жы-лы-на-ды. Күн жылынады.
– Көктемде күн қайтеді?
– Көктемде күн жылынады.
– Көктемде қар ериді. Қар ... (ериді)
– Қар қай жыл мезгілінде ериді?
– Көктемде қар ериді.
– Көктемде құстар ұшып келеді.
– Құстар қай жыл мезгілінде ұшып келеді?
– Көктемде құстар ұшып келеді.
– Мынау не?
– Мынау – ағаш.
– Ағашта қандай өзгеріс байқалады? Мынау не?
– Мынау – бүршік.
– Ағашта бүршік. Ағашта не?
– Ағашта бүршік.
Жаңа сөздерді, сөйлемдерді балалар жеке, хормен және педагогпен бірге түрлі дауыс ырғағымен қайталайды.