Дамытушылық міндеті: сөздерді
байланыстырып сөйлеуді, 2-3 сөзден сөйлем құруға жаттықтыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жаңа сөздерін айтады, 2-3 сөзден сөйлем құрастырады.
Түсінеді: сөйлемді түсініп сәйкес суретті көрсетеді.
Қолданады: сөздерді
байланыстырып сөйлей алады, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман,
оқушының рюкзагы, оқу құралдары, жұмыс дәптері.
Билингвалды компонент: желім – клей, сурет дәптері – тетрадь для рисования, қылқалам – кисточка, қайшы – ножницы, сурет салады – рисуют, қағаз қияды – режут бумагу.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
Қима материалмен жұмыс. Суреттер бойынша өткен тақырыпты қайталау. Ойын: «Алтын сақа сөз жинайды» (мектеп, оқу құралдары тақырыбы бойынша).