Ғажайыпсәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
Сәлеметсіздер ме?!
Өткен тақырыпты қайталау. Ойын «Кім көп біледі?»
Мазмұны: балалардың әрбір айтқан сөз, сөйлеміне фишка беріледі. Соңында фишкалар саналып, жеңімпазды анықталады.
Қандай мамандықтарды білесіңдер? (Ғарышкер, құрылысшы, сатушы, дәрігер).
Балабақшада кімдер жұмыс істейді? (Тәрбиеші, аспаз, мейірбике т.б)
Ата-аналарының кім болып істейтінін сұрайды. Сенің әкең кім болып жұмыс істейді? (Менің әкем – дәрігер).
Негізгі кезең.
Педагог: Балалар, қандай сыпайы сөздер білесіңдер? Қазір бәріміз жағдаят шешейік. 1-жағдаят:
Жанына екі баланы шығарып, екеуінің біреуіне ойыншық береді.
– Досыңның ойыншығын сұрау үшін, оған қандай сыпайы сөз айтасың?
Балалар жауап береді.
жағдаят: екі баланың біреуі екіншісіне ренжігені туралы.
Егер байқамай досыңды ренжітіп алсаң, оған не айтасың?
Мен кешірім сұраймын.
«Кешір» деген сөзді айтамын.
Дұрыс, сыпайы сөздерді жиі айтатын балаларды әдепті бала деп атайды.
Тақпақтарды тыңдап, назар аударамыз. Қай жауабы дұрыс?
Апаң сенің базардан Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын Саған таңдап әперді.
Не деп айтып жеу керек?
«Рақмет, апа!» – деу керек. Балалар жүр көшеде,
Естілді шу-айғай.
Сен де шықтың досыңды, Қағып кеттің байқамай.