Түсінеді: Нұр-Сұлтан – астана екенін.
Қолданады: астананы атай алады, көрікті орындарын біледі, сұрақтарға жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, слайд: Нұр-Сұлтанның көрікті орындары, жұмыс дәптері, айна.
Билингвалды компонент: астана – столица, әдемі – красивый, таза – чистый, жаңа – новый, көше – улица, биік – высокий, ескерткіш – памятник.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастырукезеңі
Ғажайыпсәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. Қолдарында диск бар.
Сәлеметсіздер ме?! Өткен тақырыпты қайталау.
Мемлекеттік Рәміздерді ата? (Мемлекетіміздің рәміздері: гимн, ту, елтаңба).
Мемлекеттік Елтаңбада не бейнеленген? (Шаңырақ, күн шуақтары, тұлпар, жұлдыз бейнеленген)
Мемлекеттік Елтаңбаның авторы кім? (Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов).
Қуыршақтар: балалар, біз сендерге астана Нұр-Сұлтан туралы диск алып келдік.
Педагог сұрақ қояды: Нұр-Сұлтан қандай қала?
Нұр-Сұлтан – астана.
Қуыршақ Сәуле: Мен сендерге Нұр-Сұлтанның көрікті орындарын көрсете аламын.
Интербелсенді тақтада көрсету. Нұр-Сұлтан – біздің астана. Мынау – Нұр-Сұлтан қаласы. Мынау – көше. Астанада көшелер көп.
Мынау – ескерткіш.
Мынау – үш би ескерткіші. Нұр-Сұлтан – жаңа қала.
Нұр-Сұлтан қандай қала екен? (Балалар «әдемі», «таза», жаңа сөздерін қолданып, жауап береді).
Нұр-Сұлтан – жаңа қала. Нұр-Сұлтан – әдемі, таза қала.
Балалар сөздерді, сөйлемдерді педагогтен кейін қайталап, жаттығады.