Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, демонстрациялық материалдар, интербелсенді тақта, жұмыс дәптері, қарындаштар.
Билингвалды компонент: аула – двор, отырғызу – сажать, тазалау – чистить (убирать), арық – арык (канава) .
ҰОҚ барысы
Ұйымдастырукезеңі
Ғажайыпсәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Өткен тақырыпты қайталауға ойын «Алтын сақа сөз жинайды» өткізеді. Бала сақаны қолына алып, бір сөз айтады, келесі бала сөзді қайталап оған тағы бір сөз қосады. Мысалы: бірінші бала «көктем», екінші бала «көктем, бүршік», т.с.с. Сөздер жиынтығы 2, 3, 4 сөз болуы мүмкін.
«Құс келді» тақпағын қайталау.
Құс келді
Қар су боп жөнелді – Қалды дала жалаңаш. Күн нұрына кенелді, Бүршік атып бар ағаш.
(Б.Қозыкеев)
Балалар сөздерді, сөйлемдерді қайталайды. Дидактикалық ойын: «Сөйлемді аяқта» Көктемде ағаш ...
Көктемде (сөйлемді аяқтау үшін суреттер: ағаштар, гүл, гүлдер көрсетіледі).
Көктемде ауланы тазалайды Көктемде ... ...
Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).
Ө-ө-ө-ө- көк- көк- көк- көктем Ө-ө-ө-ө-шөп-шөп-шөп Сергітусәті Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар Үп-үлкен боп өседі.
Дидактикалық ойын: «Дұрыс па, дұрыс емес пе?». Сөйлем дұрыс болса, «иә» деп жауап беріп сөйлемді қайталайды. Сөйлем құрлымы қате болса, сөйлемді дұрыстап айтады.