Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Дидактикалық ойын: «Аудармашы». Педагог түстерді қазақ тілінде атайды, балалар орыс тіліне аударады.
қоңыр – коричневый қара – черный күлгін – фиолетовый
көгілдір – голубой
қызғылт – оранжевый
Рефлексия.
Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.
– Қандай тапсырма ең қызықты болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген
білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№ 58
Білімберусалалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Біз мектепке барамыз.
Мақсаты: жаңа сөздермен таныстыру арқылы сөздік қорларын толықтыру.
Білімділікміндеті: сөздерді дұрыс айтуға машықтандыру. Сөздерді сөйлемдерде
байланыстырып құрастыруды дағдыландыру. Жаңылтпашты шапшаң және сөздерін анық айтуға үйрету.
Дамытушылықміндеті: сөздерді саналы түрде есте сақтап, күнделікті өмірде қолдану
дағдыларын дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдану дағдыларың қалыптастыру.
Тәрбиелік міндеті: мектеп туралы ұғымдарын кеңейту арқылы білімге деген қызығушылықтарын ояту.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды:тақырыпқа байланысты сөздерін айтады, дыбыстарды дұрыс айтады, жаңылтпашты қайталайды.
Түсінеді: сөздердің мағынасын түсінеді.
Қолданады: сөздерді қолданып, қысқа сөйлемдер құрайды, сұрақтарға жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, мектеп туралы бейнематериал, суреттер, жұмыс дәптері, фишкалар.
Билингвалды компонент: мектеп – школа, оқиды – учатся, білім – знания, сынып – класс, оқушы – ученик, мұғалім – учитель.