Бір, екі, үш – Аяққа түсті күш. Төрт, бес, алты – Күшіміз артты. Жеті, сегіз –
Білім, еңбек егіз. Тоғыз, он –
Құстай ұш та қон.
Дидактикалық ойын: «Сөйлемқұра». Берілген сөздермен сөйлем құрау.
Оқушы, керек, кітап. (Оқушыға кітап керек).
Жаз, қалам. (Қаламмен жазады).
Сынып, мектеп, бар. (Мектепте сынып бар)
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Суреттерге қара, ата. Олар не үшін керек? Сөйлем құра.
Жаңылтпашты әртүрлі етіп қайтала. Алдымен дауысыңды қатты, сонан соң ақырын етіп айт. Енді жылдам, сонан соң ақырын айт.
Жақсы қайшы Қайсы қайшы?
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
Қандай сөздер үйрендің? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№ 61
Білімберусаласы: Қатынас
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы:Дыбыстар әлемі
Мақсаты: меңгерген білім дағдыларын қайталау, бекіту;
Білімділік міндеті: Сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету. Қазақ тіліне тән дыбыстарды ажырата алу дағдыларын нығайту.
Дамытушылық міндеті: есту, тілдік және артикуляциялық аппаратты, яғни сөзді анық, дұрыс айта білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелікміндеті: мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: дыбыстарды естіп ажырата алады.
Түсінеді: тапсырмаларды түсінеді.
Қолданады:қазақ тіліне тән дыбыстары, сөздерді дұрыс айта біледі.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, жұмыс дәптері, фишкалар.
Билингвалдыкомпонент: дыбыстар – звуки.