Жоғары қараймыз, Шаңырақты көреміз. Төмен қараймыз, Жерді көреміз.
Оңға бұрылып, солға бұрылып, Егеменді елді көреміз.
Ғажайыпсәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Оқушыға не керек?» тақырыпты қайталау. Қима материалмен жұмыс. Дидактикалық ойын: «Сенде не?» Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Қай қалада (ауылда) тұрасың? (Қаласының, ауылының атын айтады).
Отанымыздың бас қаласын ата?
Отанымыздың бас қаласы – Нұр-Сұлтан.
Өлкеміздің табиғаты бейнеленген «Жайлау» суретімен жұмыс. Жаңа сөздермен таныстыру.
Мынау – жайлау. Мынау не?
Мынау – жайлау.
Жайлауда таза ауа.
Жайлауда ауа қандай?
– Жайлауда таза ауа.
– Мынау – таулар. Жайлауда таулар бар.
– Жайлауда нелер бар?
«Жайлауда таулар бар» сөйлемін жеке, хормен айтып жаттығады.
– Жайлауда таулар биік. Жайлауда таулар қандай?
– Жайлауда таулар биік.
– Жайлауда өзен бар. Мынау – өзен. Жайлауда не бар?
– Жайлауда өзен бар.
– Өзен суы таза. Өзен суы қандай?
– Өзен суы таза
– Мынау – киіз үй. Мынау не?
– Мынау – киіз үй.
– Жайлауда киіз үй бар. Жайлауда не бар?
– Жайлауда киіз үй бар.
– Жайлауда үй жануарлары жайылады. Жайлауда үй жануарлары не істейді?
– Жайлауда үй жануарлары жайылады.
– Үй жануарлары шөп жейді. Үй жануарлары не жейді?
– Үй жануарлары шөп жейді.
Балалар жаңа сөздерді және сөйлемдерді қайталайды.
Педагог шағын мәтін құрап айтады: Жайлаудасалқын.Тазаауа.Жайлаудашөпкөп. Жайлаудаүйжануарларыжайылады.Оларшөпжейді.Жайлаудатаулар,өзен,киізүйбар. бала мәтінді қайталайды.