Дамытушылық міндеті: сөздерді біріктіріп сөйлем құрау қабілеттерін дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Артикуляциялық аппаратты, яғни сөзді анық, дұрыс айта білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік міндеті:туған жердің табиғатының сұлулығын көре білуге тәрбиелеу.
64
Киіз үй
Мақсаты:киіз үй жабдықтарының қазақша атауларымен таныстыру.
Білімділік міндеті: киіз үйі оның ішіндегі кейбір заттар туралы сөздерді айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру. Сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету. Сурет туралы педагогтің үлгісі
бойынша шағын мәтін құрастыруды дағдыландыру.
Дамытушылықміндеті: сөздерді байланыстырып
сөйлеуді, артикуляциялық аппаратты дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: ұлттық қолөнерді қадірлеуге тәрбиелеу.
65
Әжемнің оюлары
Мақсаты: қазақ ою-өрнектерінің аттарымен таныстыру.
Білімділік міндеті: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты сөздерді айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру. Сурет туралы педагогтің үлгісі бойынша шағын мәтін құрастыруды дағдыландыру.
Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру, тілдік және артикуляциялық аппаратты дамыту.
Тәрбиелік міндеті: өнерді түсінуге, салт-дәстүрді құрметтей білуге тәрбиелеу.