Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіру.
Тәрбиелікміндеті: Отанға деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: Мемлекеттік Туды сипаттайды, тақпақты қайталайды.
Түсінеді:сөздерді, сұрақтарды түсінеді.
Қолданады: Қазақстан Республикасының рәміздерін айтады, сұрақтарға жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, постер, суретті сөздіктер, қима материалдар, жұмыс дәптері, айна.
Билингвалды компонент: Мемлекеттік Рәміздер – Государственные Символы, гимн – гимн, ту – флаг, қыран – орел, ою – орнамент, күн шуақтары – лучи солнца.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңіШаттықшеңбері
Жоғары қараймыз, Шаңырақты көреміз. Төмен қараймыз,
Жерді көреміз.
Оңға бұрылып, солға бұрылып, Егеменді елді көреміз.
Негізгі кезең
Ғажайыпсәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
Сәлеметсіздер ме?!
Слайд: «Менің Отаным». Өткен тақырыпты қайталау.
Біздің Отанымыз қалай аталады?
Біздің Отанымыз – Қазақстан.
Біздің Отанымыз – қандай мемлекет?
Біздің Отанымыз – тәуелсіз мемлекет.
Жаңа сөздермен танысу. Мемлекеттік рәміздер, гимн, ту, қыран, ою, күн шуақтары. Постермен жұмыс.
Мынау – Мемлекеттік Ту. Тудың шетінде ою-өрнек, ортасында күн, күннің астында қыран құс бейнеленген. Түсі көгілдір.
Мемлекеттік Туда не бейнеленген?
Мемлекеттік Туда қыран, күн, ою-өрнек бейнеленген.