Балалар, әже бізге мына қоржынды беріп жіберіпті. Онда не бар екен? Дидактикалық ойын:«Ғажайып қоржын». Суреттермен жұмыс. Жаңа сөздермен таныстыру.
Мынау – бауырсақ.
– Мынау не?
– Мынау – бауырсақ (балалар жеке, хормен, жай, жылдам айтады).
– Бауырсақтың дәмі қандай?
Сақ-сақ – дәмді бауырсақ. Сақ-сақ – жеймін бауырсақ.
– Мынау – құрт. Құ-ұ-ұрт, құрт. «Құрт» сөзін жеке-жеке айтып жаттығады.
– Мынау не?
– Мынау – құрт.
– Мынау – қымыз. Мынау не?
– Мынау – қымыз.
– Қымыз өте дәмді.
– Қымыздың дәмі қандай?
– Қымыз өте дәмді.
– Мен қымыз ішемін.
– Сен не ішесін?
– Мен қымыз ішемін.
– Мынау – шұбат. Шұ-ұ-ұ-бат.
– Мынау не?
– Мынау – шұбат.
– Шұбат өте дәмді.
– Шұбаттың дәмі қандай?
– Шұбат өте дәмді.
Балалар сөздерді және сөйлемдерді қайталайды.
– Құрт, қымыз сөздерінде бірінші дыбыс қандай?
–«Қ» дыбысы.
Педагог дыбыстардың дұрыс дыбысталуын қадағалайды. Жұмысты айнамен жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |