Сергіту сәті
Керегені жазайық,
Шаңырақты құрайық. Уық болып, иіліп, Киіз үйдей болайық.
Сөздік ойын: «Сұрақ-жауап»
Сенің Отаның қалай аталады?
Менің Отаным – Қазақстан.
Қай қалада (ауылда) тұрасың? (Қаласының, ауылының атын айтады).
Отанымыздың бас қаласын ата?
Отанымыздың бас қаласы – Нұр-Сұлтан.
Қазақстан қандай мемлекет?
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Суреттерге қара. Сөйлем құра. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кім?
Мақал-мәтелді жатта. Мағынасын түсіндір. Отан – оттан да ыстық.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Рефлексия.
Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.
Сендерге не ұнады? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
Достарыңызбен бөлісу: |