Негізгі кезең
Ойын: «Қысқы орманға саяхат». Слайд «Қысқы орман».
Қазақстан орманында қандай жануарлар бар? Балалар жануарларды атайды. Балалар көздерін жұмып орманда елестетеді. Үнтаспадан орман дыбысы естіледі.
Балалар, орманда не көрдіңдер?
Өз ойларын айтады.
Мен қоян көрдім. Мен түлкі көрдім. ...
Мынау ненің дыбысы? (Үнтаспадан құстардың, тоқылдақтың дыбысы естіледі).
Құстардың үні.
Сендер қандай құстарды білесіңдер? (Торғай, қарға, сауысқан). Суретпен жұмыс. Мынау – тоқылдақ.
Мынау не?
Мынау – тоқылдақ. Жеке, хормен айтып жаттығады.
Тоқылдақ – орман құсы.
Тоқылдақ қандай құс?
Тоқылдақ – орман құсы.
Балалар, қыста орманда қандай жануарларды көрмейміз? (Аю, кірпі).
Иә. Қысқы орманда аю, кірпі жоқ. Олар қыста ұйықтайды. Балалар сөздерді, сөйлемдерді қайталайды.
Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады) Қ-қ-қ -тоқ-тоқ – тоқылдақ - то-қыл-дақ.
Достарыңызбен бөлісу: |