Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Суретке қара. Сұраққа жауап бер. Киіз үйде не бар?
Балаларға сұрақтар бере отырып6 сөйлемдер құрату. Мысалы: Киіз үйде сандық бар.
Суреттерге қара. Атауында «Қ» дыбысы бар заттарды көк қарындашпен қорша. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Дидактикалық ойын: «Мен бес сөз білемін». «Жайлау» тақырыбы бойынша балалар 5 сөз айтады.
Рефлексия.
Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтау.
– Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№ 65
Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Әжемнің оюлары.
Мақсаты: қазақ ою-өрнектерінің аттарымен таныстыру;
Білімділік міндеті: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, ұлттық салт- дәстүрлерге байланысты сөздерді айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру. Сурет туралы педагогтің үлгісі бойынша шағын мәтін құрастыруды дағдыландыру.
Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру, тілдік және артикуляциялық аппаратты дамыту.
Тәрбиелік міндеті: өнерді түсінуге, салт-дәстүрді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |