Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет281/300
Дата12.04.2022
өлшемі364,14 Kb.
#30725
түріБағдарламасы
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   300
Байланысты:
null

Негізгі кезең


  • Балалар менде «Ғажайып дөңгелек» бар. Дөңгелекте неше түс? Қандай түстер?

  • Ақ, жасыл, сары, қызыл.

Дөңгелекте неге 4 түс, бұл түстер нені білдіреді? Балалар ойланады, талқылайды.

Педагог қорытындылайды: Төрт түс төрт жыл мезгілі. Жыл мезгілдерінің суреттерімен жұмыс.

Ақ түсті, жасыл түсті, Қызыл түсті, сары түсті Төрт түсті – жер үсті.

Ақ түс қай жыл мезгілі? (Қыс)

Сары түс ... (күз)

Жасыл түс – жылдың қай мезгілі? (көктем) Қызыл түс – жаз

Мынау – жаз мезгілі. ( жаз мезгілі суреті).

Педагог шағын мәтін құрастырады. Жазда ыстық. Жазда жасыл ағаштар. Жазда гүлдер көп. Қызыл, сары, ақ гүлдер. Жазда жидектер піседі: құлпынай, таңқурай, қарақат.

Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Жазда кемпірқосақ болады. Балалар мәтінді қайталап естеріне сақтайды.

«Жалғастыр» ойыны. Балалар сөйлемдерді аяқтайды. Жазда ...(ыстық).

Жазда гүл ... (көп).

Жазда жидектер (піседі).

Жаз айлары (маусым, шілде, тамыз).

Жазда кемпірқосақ (болады).



Педагог тақпақты оқиды, таныс сөздерді табу ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   300




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет