Дидактикалық ойын: «Ғажайып қоржын». «Қуыршақтар» қоржыннан ойыншықтарды алып, балаларды «Ойыншықтар дүкені» ойынын ойнауға шақырады. Дүкенші – қуыршақ Сәуле, сатып алушылар – балалар.
Диалог:
Бала: Сәлеметсіз бе!
Қуыршақ: Сәлеметсіз бе!
Бала: Маған ойыншық беріңізші? Қуыршақ: Қандай ойыншық?
Бала: Ойыншық мәшине. Қуыршақ: Міне, ал.
Бала: Рақмет.
Қыз: Сәлеметсіз бе! Қуыршақ: Сәлеметсіз бе!
Қыз: Маған қуыршақ беріңізші? Қуыршақ: Міне, ал.
Бала: Рақмет. т.б.
Балалар білетін ойыншықтарын алады, педагог қалған ойыншықтарды атайды, сипаттайды: жұмсақ ойыншықтар, темір ойыншықтар, пластмасса ойыншықтар, резеңке ойыншықтар
болады.
Мынау – түлкі.
Мынау не?
Мынау – түлкі.
Ойыншық түлкі – жұмсақ ойыншық.
Ойыншық түлкі қандай?
Ойыншық түлкі – жұмсақ ойыншық.
Мынау – кірпі.
Мынау не?
Мынау – кірпі.
Ойыншық кірпі пласмассадан жасалған. Ол пластмасса ойыншық.
Ойыншық кірпі неден жасалған?
Ойыншық кірпі пласмассадан жасалған.
Кірпі қандай ойыншық?
Кірпі – пластмасса ойыншық.
Мынау – доп.
Мынау не?
Мынау – доп.
Доп резеңкеден жасалған. Ол – резеңке ойыншық.
Доп неден жасалған?
Доп резеңкеден жасалған.
Доп қандай ойыншық?
Доп – резеңке ойыншық.
Мынау – мәшине.
Мынау не?
Мынау – мәшине.
Мәшине – темірден жасалған ойыншық. Ол – темір ойыншық.
Мәшине неден жасалған?
Мәшине – темірден жасалған ойыншық.
Мәшине қандай ойыншық?
Мәшине – темір ойыншық. Балалар қайталайды.
Достарыңызбен бөлісу: |