14
Ө- жіңішке, еріндік, ашық, жалаң.
3-жаттығу. 1. Сөйлемдерді оқып, сөздердегі үнді дауыссыздардың астын
сызыңыздар және түсіндіріңіздер.
Қазақ шежіресінде бес Байжігіт жіктеледі. Олардың бәрі шетінен би,
шешен, ақын, жырау, күйші болыпты делінеді. Ал, Қазақ Кеңес
энциклопедиясында екі Байжігіт аталады. Бірі – Сіргелі тайпасынан шығады.
Ол Байжігіттен Амалдық, Көшімбай, Келімбет, Оразымбет ұрпақтары
таралады. Екіншісі – Найман тайпасына жататын ру. Байжігіттерді жіктеп
беретін тағы бір дерек бар. Ол халық саз-аспаптар музейінің аға ғылыми
қызметкері. Омар Қаймолдаұлының талдауы. Ол былай жазады:
«Біріншісі – «Ұлыс биі» атанған, Байыс қызы Ақмақта ақыннан туған екі
ұлдың бірі Байжігіт. Нағашы жұрты Төлетайдың Төртуыл тайпасының тізгінін
ұстаған биі. Ержеткенде әкесіне еріп Ташкент, Хиуа, Хорезм, Самарқанд
маңында ірге тепкен. Үрім-бұтағы осы күні бар».
2. Жасалу орнына қарай дауыссыздар нешеге бөлінеді?
3. «У» әрпінің емлесін түсіндіріп, талдау жасаңыздар.
Мысалы: жырау – талдауы – Хиуа.
Достарыңызбен бөлісу: