Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет78/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   95
        5-жаттығу.  1.  Мәтіннен  көнерген  сөздерді  табыңыз.  Оның  көнерген 
сөздердің қай түріне жататынын анықтаңыз. 
 
КИІЗ ҮЙДІҢ ЖИҺАЗДАРЫ 
 
Қазақтың киіз үйіне лайықтанып жасалатын үй жиһаздары болған. Олар: 
кебене,  абдыра,  керует,  жастық  ағаш,  жүк  аяқ,  түс  киіз,  кілем.  Төсенетін 
бұйымдар:    алаша,  текемет,  сырмақ,  бірсалар,  тулақ,  құрақ  көрпеше,  жер 
жастық.  Тұтынатын заттар: аяқ қап, кесе қап, тұлып, қоржын. Ыдыс-аяқтардан: 
қазан,  таба,  кесе,  тостақ,  қасық,  ағаш  аяқ,  шөміш,  елеуіл,  күбі,  келі,  торсық, 
қыш ыдыстар, қол диірмен тағы сол сияқты. 
Кілем  –  сәнді  тоқылатын,  баспананың  жылылығын  сақтайтын  және 
дыбысын  бәсеңдететін  арнайы  үй  жиһазы.  Оларды  тоқылу  ерекшеліктеріне 
қарай түкті кілем, тақыр кілем деп бөледі. Кілемдер қосалқы белгілеріне қарай 
шашақты және оқалы кілемдерге жіктеледі.  
Сырмақ  /сыру  деген  сөзден  шыққан/,  сырмақ  –  ою  бастырып  немесе 
жиекпен өрнектеліп сырыған төсеніш үй жиһазын айтады. 
Жоғары  сапалы  үлпілдек  жүннен  басылған  жұқа  киіздің  бетіне  оюлар 
салынып, кенеппен астарлап сырмақ жасайды. 
Сырмақ  –  негізінде  қазақ  және  қырғыз  ұлттарына  тән  жиһаз.  Оның  ою-
өрнегіне  сәйкес  бірнеше  түрі  болады.  Ақ  қара  немесе  қызыл  және  көкпен 
боялған, киізден ойыстырылған сырмақ,  шымқай ақ киіздің бетіне қызыл, көк, 
сары маталардан ою бастырылған сырмақ. 


 
72 
Кебене  -    сүр  ет,  құрт-май  сақтайтын  ағаш  тақтайшасынан  жасалынып, 
бетін ою-өрнектермен әшекейленген, сандықша ыдыс. Кебененің үстіне абдыра 
қойып, оның үстіне көрпе – жастықтар жиналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет