Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет89/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   95
 
Синонимдер    сөздiгi.  Синонимдер  сөздiгiнде  синонимдiк  қатарлар 
берiлiп,  әрбiр  синонимдiк  қатардың  құрамындағы  мәндес  сөздердiң 
мағыналық  ерекшелiктерi  мен  қолданылу  ерекшелiктерi  түсiндiрiледi. 
Синонимдiк  қатардың  құрамындағы  сөздердiң  сөздiкте  орналасу  тәртiбi, 
мысалы, қай сөздiң кейiн орналасуы, белгiлi бiр қағидаға негiзделедi. Сөздiкте 
синонимдiк  қатардың  iшiнен  сол  қатардағы  сөздердiң  жалпы  мағынасын 
басқаларынан  гөрi  ашық-айқын  бiлдiретiн  сөз  таңдалынып  алынады  да, 
синонимдiк қатардың ең басына қойылады, басқалары онан кейiн орналасады.  
Сөздiкте  синонимдiк  қатардың  құрамындағы  өз  ара  мәндес  сөздердiң 
әрқайсысының мағынасы талданылып, қолданылу аясы мен стильдiк қызметi 
түсiндiрiледi.  Сөздiкте  синонимдер  неғұрлым  жан-жақты  талданса,  олардың 
әрқайсысының  қолданылу  аясы  мен  қызметi  неғұрлым  кеңiнен  баяндалса, 
сөздiктi  пайдаланушылардың  айтылатын  ойға,  сөйленетiн  не  жазылатын 
сөздiң  стилiне  синонимдiк  қатардың  құрамындағы  сыңарлардың  қайсысы 
қолайлы  және  дөп  келетiнiн  таңдап  алуы  үшiн  тигiзер  жәрдемi  де  соғұрлым 
мол болмақ. 


 
78 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет