Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет18/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   95
 
Бақылау сұрақтары: 
1 Буын, екпін және интонация деген не? 
2 Тіл дыбыстарының өзгеруі мен үндесуіне тоқталыңыз. 
3 Фонетикалық (дыбыстық) заңдылықтар дегеніміз не? 
4 Сингармонизм. Ассимиляция. Диссимиляция дегендердің 
анықтамасына  тоқталыңыз. 
 
1- жаттығу.  1. Мәтіннен алынған сөздердің буын құрамын салыстыра 
отырып, буынның ауысуы, жылысуы сияқты құбылыстарды көрсетіңіздер. 
 
САҚҚҰЛАҚ БИ 
Шоқанның  рухани  жағынан  пікірлес  сүйікті  нағашысы,  талай  жыл 
Баянауыл  дуанының  аға  сұлтаны  болған  Мұса  Шорманов  1885  жылы  66 
жасында  дүниеден  өтеді.  Онымен  қатар  Ерейментауда  қанжығалы  Бөгенбай 
батырдың шөбересі Саққұлақ бидің баласы Нұралы да қайтыс болады. Осыған 


 
19 
байланысты  екі  жағы  да  бір-біріне  көңіл  айтысып,  бата  жасаса  алмай  жүрсе 
керек.  Ақыры  Мұсаның  асына  86  жастағы  Саққұлақтың  өзі  келгенде  алдынан 
даяшы шығып, арнаулы үйге түсіреді. Аздан соң оған Мұсаның Сәдуақас, Біләл 
деген балалары сәлем беруге келеді. Сонда Саққұлақ айтқаны: 
«Атаң өлді барлықтан, 
Көтердің оны нарлықтан. 
Жеріміз шалғай болған соң, 
Келе алмадық сондықтан. 
Ей, Сәдуақас пен Біләл – 
Сөзіме құлағың сал. 
Сендер атам-ай дейсің, 
Мен ботам-ай деймін. 
Жөн менікі еді. 
Менің тойыма Мұсажан келіп. 
Мұсажанның тойына 
Нұралыжан келетін 
Жөні бар еді. 
Пенденің сұрағаны болмай, 
Алланың қалағаны болады деген осы, 
Шүкіршілік етіңдер...» 
деп көңіл айтыпты. 
 
Мүсет  ел  аралап  жүріп,  Саққұлаққа  сәлем  бере  барыпты.  Саққұлақ 
Мүсетті бұрын көрмеген екен. 
- Кімсің-ей! – депті. 
- Уа, мен Керей Мүсетпін. 
- Е, Керейдің торы алалы жылқысын құртқан кесірлі Мүсет сен бе едің? 
Сонда Мүсет: 
-  Е,  кешегі  заманда  елді  жау  шауып,  қызыңды  қатын,  қатыныңды  отын 
қылған  екен,  о  да  менің  қырсығым  болғаны  ма?  –  Саққұлақ  сөзден  тосылып 
қалып,  қылышын  ала  ұмтылыпты.  Мүсет  үндемей  үйден  шығып  кетіпті.  Оны 
көріп Нұралы алдынан шығып, сәлем беріп: 
- Е, Мүсеке, би атама сәлем бермедіңіз бе, жол болсын? 
- Ағама барып едім, жынданып жатыр екен, - депті Мүсет. 
- Олай болса, би, біздікіне жүріңіз, қонақ болыңыз, - депті Нұралы. 
Мүсет  «жарайды»  деп  ілесіпті.  Есікке  жақындағанда  бұрылып 
Саққұлақтікіне қайта кіреді. Сонда Саққұлақ Мүсеттің сәлемін алып: 
-  Әй,  Мүсет-ай,  жарайсың,  мені  екі  өлімнен  алып  қалдың-ау,  жұрт 
мақтаса  –  мақтағандай  екенсің,-депті.  Өйткені  мен  қылыш  ала  ұмтылғанда 
шабуым  керек  еді,  шаптырмадың.  Ол  –  бір.  Екіншісі,  сол  бетіңмен  кетіп 
қалмай, қайта келіп сәлемдесіп отырсың, бұдан артық білім бар ма? - депті. 
 
Саққұлақ  шешенннен  жеті  бала  қалған.  Нұралы,  Ералы  деген  балалары 
өзіне ұқсап шешен боп өскен. Нұралының Олжабай, Барлыбай дейтін ұлдары да 


 
20 
шешен  болған.  Олардың  бәрі  ескіше  оқыған,  сауатты  әрі  ақын  екен.  Ералы 
(1846-1932) суырыла термелей сөйлейтін төкпе ақын болған. 
2. Тұйық буын дегеніміз не? 
3. Екпін түспейтін қосымшаларды атап, ауызша мысал келтіріңіздер. 
 
        2-  жаттығу.      1.  Берілген  мәтіндегі  жуан  сөздерді  бір  бөлек,  жіңішке 
сөздерді екінші, аралас сөздерді үшінші бағана етіп жазыңыздар. 
 
        ҮЛГІ:   жуан сөздер                жіңішке сөздер           аралас сөздер 
                     Құнанбай                     Кезінде                        Байдалымен. 
 
        Құнанбай  аға  сұлтан  кезінде  Бөжей,  Байдалымен  араздасып,  Омбы 
қаласына  айдалып  бара  жатқанда,  Керей  елінің  атақты  биі  –  Тоқсанның  үйіне 
қоныпты.  Қонақасы  жеп,  бимен  түні  бойы  әңгімелесіп,  ертеңіне  атқа  қонып 
Құнанбай  жолға  түсіп  кетіп  бара  жатқанда,  Тоқсан  би  Құнанбайдың  артынан 
айқайлап, «Құнанжан, аттың басын қайта бұрма, өзің мойныңды бұр»: 
       Тұманның арты жұт болар, 
Тұмаудың арты құрт болар. 
Заңдасып босқа не етесің, 
Заңшылдың түбі сот болар, 
дегенде Құнанбай: 
Тұмаудың арты құрт болып не қылар дейсің, 
Тәңірім шипа салған соң, 
Тұманның арты жұт болып қайтер дейсің, 
Қопадан қоныс алған соң, 
Заңшылдық түбі сот болып қайтер дейсің, 
Алтынды пұттап алған соң, - 
деп жүріп кетіпті.            
                                           (Тоқсан би). 
 
        Екі-үш күн қонып, дидарласқаннан кейін. Досбол атын алдырып аттанғалы 
жатқанда, Бұқарбай: «Не қалайсыз, бұйымтайыңызды айтыңыз» депті. 
        -  Еш  нәрсе  алайын  деп  келгенім  жоқ,  дидарыңызды  көріп,  сұхбаттастым, 
соған  ризамын,  -  деп  Досбол  енді  жүрейін  десе,  аяқ  астынан  қамшысы 
таптырмай қалады 
    (Досбол би). 
2. Үндестік заңы  дегеніміз не? 
3. Осы мәтіннен буын үндестігі бойынша жалғанған қосымшалардың астын бір, 
дыбыс үндестігіне жататын қосымшаның астын екі сызыңыздар. 
 
        3-  жаттығу.      1.  Төмендегі  сөздерге  қосымшалар  қосып,  сөз  тіркесін 
жасаңыздар,  қосымшаның  қалай  қосылғанын,  жуан,  жіңішке  дауыстылардың 
сөздерге неге араласып қолданылғанын түсіндіріңіздер. 
          


 
21 
        Айыпкер,  ақсүйек,  ақылгөй,  бәлеқор,  беташар,  діндар,  білімпаз,  данагөй, 
жалғызілік, жарыссөз, жиһанкез, саудагер, ілтипат, тарих, әжуа. 
2. Рк, нк, кс, кт дауыссыздарының тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар қалай 
жалғанады? 
3.  Сөздің  соңғы  буынының  жуан  не  жіңішкелігінің  ықпалы  тимей,  өзінің 
қалпын  сақтап жалғанатын қосымшаларға  ауызша  мысал келтіріңіздер:  -  мен/-
бен, -пен/, - паз, - қор, - кер, -  кеш, - гөй, - хана, - нікі, / -дікі, -тікі. 
 
        4-жаттығу.    1.  Мына  сөйлемдерді  көшіріп,  ондағы  сөздердегі  буын 
үндестігін тауып  көрсетіп, оларды дәлелдеңіздер. 
 
        Соған  өзім  де  өкінемін.  Бірақ  амал  не,  уақыт  өз  дегенін  істетеді.  Ағамн ан 
асып шыға алмадық, енді бәрібір кеш дегені еді. Наурызбай да солай ұғады. Ол 
Досболды  өз  ауылына  бастап  алып  барып,  жібермей  қонақ  еетіп,  құрмет 
көрсетеді. Одан әрі ағайын аралауға қосшы болып, қасына ереді. Олардың осы 
сапарда  алғашқы  ат  басын  тіреген  жері  атақты  Балқожа  Досекеңді  құшақ  жая 
қарсы  алады.  Көрісіп,  сағынған  көңіл  мауқы  басылған  соң,  би  ат  шаптырып, 
көлденең қыпшақтың даулы биі Мұғалды алдырады. Бұл Мұғал бидің сексенге 
келген  кезі  екен.  Үш  даңғыл  жүйрік  бас  қосып,  шер  тарқата  кеңес  құрады.  
Көкірегі  ояу,  көңілі  жүйрік  Мұғал  қарт  Досболдың  туыстығын,  ой 
ұшқырлығына, көпті білер зеректігіне риза болып батасын береді. Келелі сөздің 
бірі ретінде ол:  
       «Келісің  жақсы  бала  екенсің,  кетісің  қандай  болар»,  -  деп  қалады.  Бұл 
ақылды  қарттың  бауырымдар  алыстан  іздеп  келген  туғанның  мерейінің  өсіп 
қайтуының  ауылдастарына, оның ішінде Балқожа ескерткен құлаққағысы еді  
                           (Досбол би). 
2. Құрамында буын үндестігіне қайшы сөздері бар 6-8 мақал-мәтел немесе 
шешендік сөз теріп жазыңыздар. 
3. «Ағайын» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыздар. 
 
       5- жаттығу.  1. Берілген мәтіндегі ілгерінді ықпал бойынша әсер етуші 
дыбыстың астын сызып, түсінік беріңіздер. 
 
       Тоқсан би қартайып қалған шағында 
        
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет