Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет64/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   95
        47-жаттығу. 1. Берілген өлең шумақтарынан синекдохаларды тап. 
 
1. Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек, 
Ұрлық-қулық қылдым деп қағар көлбек. 
Арамдықтан жамандық көрмей қалмас, 
Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек. 
 
2. «Сұм-сұрқия-сұмдықпен еп берем» деп, 
«Сүйер жансып, сүйкімді бет берем» деп. 
Жүз қараға екі жүз аларман бар, 
Бас қатар «бас-аяғын тексерем» деп. 
 
3. Қыран бүркіт не алмайды салса баптап? 
Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап, 
Қыран шықса қияға жібереді, 
Олар да екі құсын екі жақтап. 
 
4. Бір күшті көп тентекті жыға алмай жүр, 
Іште жалын дерт болып, шыға алмай жүр. 
Арақ ішкен мас болған жұрттың бәрі, 
Не пайда, не залаңды біле алмай жүр. 
 
5. Осы елде бозбала жоқ сөзді ұғарлық, 
Үзілмес үмітпенен біз қуардық, 
Әйтеуір ақсақалдар айтпайды деп 
Жүрмесін деп, аз ғана сөз шығардық. 
 
6. Бір жерде бірге жүрсең басың қосып, 
Біріңнің бірің сөйле сөзің тосып. 
Біріңді бірің ғиззәт, хұрмет ете, 
Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып. 
 
7. Саудагер қашты бұл елден, 
Несиесін жия алмай. 
Бұралқылар сандалды, -  
Жуандарға сия алмай. 
 
8. Үлгісіз жұртты үйретіп, қалдық кейін, 
Көп надандар өзіне тартар бейім. 
Арылмас әдет болды күлкішілдік 
Ыржаң-қылжаң ит мінез дегендейін. 
 
9. Сорлы асық сарғайса да, сағынса да, 
Жар тайып, жақсы сөзден жаңылса да. 
Шыдайды риза болып жар ісіне, 


 
62 
Қорлық пен мазағына табынса да. 
 
10. Әуелесін, қалқысын, 
От жалын боп шалқысын. 
Жылай-жырлай өлгенде, 
Арттағыға сөз алсын. 
 
2.  Жамандар,  мың  күн  қашып,  әйтеуір,  үлгісіз  –  деген  сөздердің  қай  сөз 
таптарына жататынын анықта. 
3. Синекдоха дегеніміз не? 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет