Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет74/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   95
Байланысты:
Dosova Kazak tili

        3-жаттығу. 1. Мәтіннен кәсіпке қатысты сөздерді табыңыздар.  
 
АТА КӘСІП 
 
Ертеде  ата-бабаларымыз  амандасқанда:  «Мал  –  жан  аман  ба?»  деп 
сұрайтын.  Осы  бір  ауыз  сөздің  өзінен  қазақ  өмірінде  малдың  орны  ерекше 
екенін  ұғуға  болады.  Малдың  күші,  сүті,  жүні,  еті,  терісі  –  халықтың  тамағы, 
киімі,  баспанасы,  үй  жиһазы  –  өмірінің,  тіршілігінің  негізі.  Малдың  етін 
айтпағанда,  сүт  және  одан  өндірілетін  тағамдарсыз,  жүн,  тері  және  олардан 
жасалатын  бұйымдарсыз  қазіргі  адамзат  өмірін  көз  алдына  елестету  мүмкін 
емес.  Малшылық  –  адамзаттың  байырғы  дәуірден  бері  бірге  жасасып  келе 
жатқан  кәсібі.  Ол  қоғамның  әлеуметтік  дамуына  зор  әсер  етті,  жаңа  қарым-
қатынастар,  мәдениет,  өркениет,  өнер,  қолөнер,  ой-сананың  қалыптасуына 
әкелді. 
Қазақ халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Егіншілікпен де 
айналысты, бірақ оны кең көлемде дамыта алмады. Балық аулау да, аңшылық та 
қазақта бар кәсіп, бірақ олар негізгі тіршілік амалына айналмаған-ды. 
Қазақ өзінің малын, қой-ешкі, жылқы, түйе, сиыр деп төрт түлікке бөледі. 
Көшпелі  мал  шаруашылығы  ыңғайына,  жыл  мезгілінің  төрт  кезеңіне 
байланысты: қыстау, көктеу, жайлау, күзеу деп бөлінеді. 
 
 /Қазақ халқының салт-дәстүрлері/. 
 
2.  Малға  қатысты  атауларды  жасына  қарай  кестелік  тізбекпен  жазып 
көрсетіңіздер. 
3.  Морфологиялық  тәсілдің  сөздік  құрамды  байытуға  орны  қандай? 
Мысалдармен дәлелдеңіз. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет