Қазақ тілі (фонетика, лексика)


Фразеологиялық  сөздiктер



Pdf көрінісі
бет90/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95
Байланысты:
Dosova Kazak tili

Фразеологиялық  сөздiктер. Фразеологиялық сөздiк белгiлi бiр тiлдегi 
әр  түрлi  фразеологиялық  оралымдарды  қамтиды,  олардың  мағыналарын 
түсiндiредi.  Бұл  сөздiкте  фразеологиялық  оралымдар  оларды  құрастырушы 
сыңарлардың  алфавит  тәртiбi  бойынша  тiзiлiп,  белгiлi  бiр  фразеологиялық 
оралым қанша сыңары болса, сонша рет қайталанып берiлген. 
 
Фразеологиялық сөздiк бiр тiлдiк түсiндiрме сөздiк түрiнде де, екi тiлдiк 
аударма сөздiк түрiнде  де жасалады.       
 
Аударма  сөздiктер.  Аударма  сөздiктердiң  екi  түрi  бар:  оның  бiрiнде 
белгiлi  бiр  шет  тiлдегi  сөздер  мен  фразеологизмдер  ана  тiлiне  аударылып 
берiледi де, екiншiсiнде, керiсiнше ана тiлiндегi  сөздер  мен фразеологизмдер 
шет тiлге аударылады. 
 
Әр түрлi тiлдерде жасалған сөздiктердiң iшiнде ең көп кездесетiнi  - екi 
тiлдi аударма сөздiктер. Аударма сөздiктер шет тiлдi оқып үйренуде, ол тiлдiң 
лексикасын меңгеруде, басқа тiлде жазылған әдебиеттердi аударуда айрықша 
қызмет атқарады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет