Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.
Оралбай Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. -Алматы, 1988.
Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.
Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.
Бейсембайқызы З. Сөзжасам пәнін модуль бойынша оқыту.-Алматы, 2000.
№3 лекция.
Тақырыбы: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СӨЗЖАСАМ ЖҮЙЕСІ Жоспар
Қажеттілікті қамтамасыз етіп отыратын сөзжасам екені.
Тілдің сөзжасам жүйесі үнемі дамып, екшеліп, толығып қалыптасып отырғаны.
Сөзжасамның дамуы.
Қазақ тілінің қазіргі кезде әбден қалыптасқан сөзжасам жүйесі бар, ол-әрине, ұзақ уақыттағы дамудың нәтижесі. Тіліміздің сөзжасам жүйесінің негізі көне түркі тілінен басталып, содан бері дамып, толығып, күрделеніп, сұрыпталып, екшеле келіп, қазіргі жүйелі дәрежеге жеткен.
Қай тілдің болмасын сөзжасам жүйесі ұзақ уақыттың ішінде қалыптасқан, ол қысқа аз уақытта тез қалыптаса қалатын құбылыс емес. Сондықтан ол түркі тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне де қатысты.
Қазақ тілінің қазіргі кезде әбден қалыптасқан сөзжасам жүйесі бар, ол-әрине, ұзақ уақыттағы дамудың нәтижесі. Тіліміздің сөзжасам -жүйесінің негізі көне түркі тілінен (ең көне жазба ескерткіштер тілі) басталып, содан бері да-мып, толығып, күрделеніп, сұрыпталып, екшеле келіп, қазіргі жүйелі дәрежеге жеткен. Қай тілдің болмасын сөзжасам жүйесі ұзақ уақыттың ішінде қалыптасқан, ол қысқа аз уақытта тез қалыптаса қалатын құбылыс емес. Сондықтан ол түркі тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне де қатысты.
Түркі тілдерінің ең көне жазба ескерткіштерінің тілі бұл мәселеге толық куә бола алады. Көне жазба ескерткіштер тілінде негізгі түбір сездермен қатар туынды сөздер болғаны белгілі. Олар: туынды түбір, күрделі сөз, бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы түрінде кездеседі. Басқаша айтқанда, көне жазба ескерткіштер тілінде жаңа сөз жұрнақтар арқылы (тір-іг, біл-іг, ур-уш, иел-ме, өт-унч), сөздердің тіркесуі арқылы жасалған (күнтүз, Темір-қапығ, Қара-құм, Ілтеріс, арқыш-тіркес, секіз он, йеті йуз), сол сияқты бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы да сол кездің сөзжасам жүйесіне жатады: [кат\ 1) қабат, қатар, 2) жеміс, 3) жануардың аты, 4) қату, 5) араластыру. Келтірілген мысалдар көне түркі тілінде сөзжасамның морфологиялық, синтаксистік, семантикалық тәсілдері болғанын анық көрсетіп тұр.
Бұл келтірілген мысалдар қазақ тілінің қазіргі сөзжасамдық жүйесінің түп негізі түркі халықтарының ең көне заманынан бастау алғанын көрсетті. Ал түркі тілдерінде қазір көне түркі жазбаларындағы сөзжасам жүйесі сол қалпында қалмағаны түсінікті. Өйткені түркі тілдерінің, оның ішінде қазақ тілінің қазіргі күрделі сөзжасамдық жүйесі көне түркі тілінен бастау алғанымен, содан бері үнемі дамудың нәтижесінде қалыпта-сқан. Сондықтан қазіргі қазақ тілінің күрделі сөзжасам жүйесі ұзақ уақытта қалыптасқан, ол тіл дамуының нәтижесі. Тілдің сөзжасам жүйесі көне қүбылыстарға жатады, ол күмән туғызбайды. Өйткені сөз жасаушы тұлғалар, сөз жасаудың тәсілдері, үлгілері күнде құбылатын, күнде жаңаратын құбылыстар емес. Тілдің сөзжасам жүйесі тілдің даму әрекетінен де тыс қала алмайды. Сондықтан сөзжасам жүйесінде де өзгеріс болып тұрады, бірақ ол ете баяу болады және ол, көбіне тілде бар үлгілердің белгілі бір кезеңде белсенді қызмет етуі арқылы, ол қызметтің бәсеңдеуі арқылы, не сөз мағынасының кеңеюі, кейбір сөзжасамдық түрлердің қолданудан шығуы сияқты т.б. өзгерістер ретінде болады. Мысалға көне жазба ескерткіштер тіліндегі туынды сөздер саны мен қазіргі тілдегі туынды сөздер саны бір емес, қазіргі тіл туынды сөздерге өте бай. Тілдің туынды сөздермен толығуының тілден тыс жағдайларға қатысын былай қойғанда, оның сөзжасам жүйесіне де тікелей қатысы бар. Көне жазба ескерткіштер тілінде сөзжасамның морфологиялық тәсілі болды, бірақ әр сөз табының сөз тудырушы жұрнақтары санаулы ғана еді. Ал қазірде морфологиялық тәсіл сөзжасамда үлкен қызмет атқарады, бірақ көне жазба ескерткіштермен салыстырғанда, қазіргі тіл сөз тудырушы жұрнаққа өте бай, сөзжасам құрамы түрлі жұрнақтар арқылы толыққан. Сөзжасамдық жұрнақтардың тілге қосылғанын өте көне жазба ескерткіштер тілі мен қазіргі тілді салыстыру арқылы көру жеңіл, осы екі арада талай ғасырлар өткенін еске алсақ, олардың әр кезеңінің тілдің сөзжасам жүйесінің қалыптасуына да, сөздік қордың баюына да үлесі болғаны анық көрінеді. Сөйтіп, тілдің сөзжасам жүйесінің толығып отыруы, сөзжасамдық заңцылықтардың тілде орнығып қалыптасуы баяу болса да, тіл дамуында үнемі болып отыратын құбылыс екені даусыз. Бірақ ол ерекше жылдамдықпен болатын құбылыстарға жатпайды. Соңғы 40-50 жыддың ішінде қазақ тілінің сөзжасам жүйесіне қосылған жұрнақтар өте мардымсыз. Жаңа жұрнақтар арқылы сөзжасам жүйесінің баюы, толығуы тез болып тұратын кұбылыс емес. Тілімізде - хана сияқты жаңа жұрнақтың қосылуы, пайда болуы - өте сирек құбылыс. Алғаш біріккен сөздің бір сыңары ретінде қызмет атқарған бұл морфема, кейін жұрнаққа айналғаны белгілі. Бұрын шайхана, ас-хана, жатақхана, наубайхана, кітапхана, баспахана сияқты аздаған сөзде қолданылатын бұл морфема бірте-бірте қолданылу өрісін кеңейтіп, қазір өнімді жұрнаққа айналды. Мысалы, емхана, дәріхана. Қазақ тілінде сөз қысқарту тәсілі қазан төңкерісіне дейін мүлдем болмаған деген пікірден аулақпыз. Бұл тәсіл тілде бұрын да болған. Ол адам аттарында қолданылып, оған сый-құрмет, үлкейту, кішірейту, еркелету мәнін қосатын. Ол қазіргі тілде де өте жиі кездеседі: Жәке, Сәке, Сызаң, Сәбе, Айнаш, Жаңаш, Қантай, Жантай т.б. осы сияқты қолдануларды алайық. Мұндағы қысқартудың бір ерекшелігі кісі аты тек қана қысқартылып қоймайды, оған -ке, -еке, -аң, -а, -е, -ш, -тай сияқты белгілі морфемалар қосылады. Сөйтіп, мұнда да сөздердің белгілі тобы қысқаратыны, қысқаратын сөздің алғашқы буыны сақталатыны және оларға белгілі морфемалардың қосылатыны сияқты белгілі заңдылық бар. Кісі аттарын қысқартып айту - дүние жүзіндегі тілдердің көбіне тән құбылыс. Көпшілік тілдерде кісі атын қысқартып айту адамның бала кезіне тән. Орыс тілінде де ол - бар құбылыс, бірақ тек бала шаққа емес, жастық кезең деу орынды. Мысалы: Екатерина - Катя, Елизавета - Лиза, Мария - Маша, Евгения - Женя, Николай -Коля т.б.
Бұл - қазақ тіліне де тән құбылыс: Садуақас Сәкен, Қанапия - Канаш, Жәмила - Жәміш, Қожахмет - Қожаш т.б. Осы тәсіл арқылы кісі аттарының мүлдем өзгеріп, қысқарған аты халық есінде қалғаны да бірсыпыра. Оған мысал баршылық. Мысалы, атақты жазушы Сейфуллиннің халыққа Сәкен атымен белгілі екені -тарихи шындық. Ал ақынның нағыз аты Садуақас екенін көпшілік біле бермейді. Ақынның қысқа аты оның нағыз атына айналған. Сол сияқты қазақтың атақты ғалымы Сәтбаев халыққа Қаныш атымен әйгілі. Ал оның толық аты - Ғабдұл-Ғани көпшілікке таныс емес. Оны қысқартып, туыстары Қаныш деп атаса, ол кейін ғалымның негізгі атына айналған. Халыққа белгілі қоғам қайраткері, ғалым Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты көпшілік Димаш Ахметұлы атайтынын да халық ұмыта қойған жоқ. Осы айтылғандар тілдердің көбінде кісі аттарын қысқартып қолдану зандылығы көне замандардан бар құбылыс екенін дәлелдейді. Бірақ кісі атын қысқарту түрлі тілде түрліше қалыптасқан. Қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі бойынша бала, жастар атын қысқартып еркелету мәнін қосумен бірге үлкен адамдар атын қысқартып, оған сый-құрмет мәнін қосу қалыптасқан. Ондай қысқартуға белгілі қосымшалар косылуы да тілдерге жат құбылыс емес. Мысалы қытай тілінде кісі атына -сан морфемасы қосылып, сый-қүрмет мәні қосылатыны белгілі. Олай болса, кісі атын қысқартып атау - жалпы тіл атаулыда бар қүбылыс. Ал оның түрлі тілде өзіндік ерекшелігі бары да заңды. Сондықтан қазақ тілінде кісі атын қысқартьш қолдану - тілдегі қалыптасқан заңдылықтардың бірі. Тілдің сөзжасам жүйесі тілдің жалпы даму заңдылығына бағынады. Тіл бірден өзгеріп, жаңа сапаға көшетін құбылыс емес, ол үнемі даму үстінде қызмет етеді. Тілдің заңдылыктары екшеліп, нығайып, барған сайын орнығып, даму үстінде қалыптасады. Бұл тілдің сөзжасам жүйесіне де тікелей қатысты. Сондықтан да сөзжасам тәсілдері мен көрсеткіштері көне замандарда-ақ белгілі бір жүйеге түсе бастағаны жазба ескерт-кіштер тілі арқылы белгілі. Бірақ қазіргі тілдің сөзжасам жүйесінің өте, әбден қалыптасқан екені талассыз тәсілі белгілі тілдік нұсқаларға негізделетінін естен шығаруға болмайды. Олай болса, тілдің сөзжасам жүйесіне сөзжасам нұскалары да жата-ды. Тілде сөз жасауға қатысатын нақтылы тілдік нұсқалар бар. Сөз жасау әрекеті тілде бар нұсқалардың негізінде ғана болады. Сөзжасам единицалары деп сөзжасамды жүзеге асыратын тілдік бірліктер аталады. Тілдік нұсқаларға сүйенбей, жоқтан ешбір сөз жасалмайды. Ол жөніндегі ғалымдар пікірі бойынша да және түрлі тілдердің сөз жасау тәжірибесінде де жоқтан сөз жасау кездеспейді. Сол сияқты түркі тілдерінің, қазақ тілінің сөз жасау тарихы жаңа сөз тілде бар тілдік нұсқа-лардың негізінде ғана жасалатынын дәлелдейді. Қазақ тілінде сөз жасауға қатысатын тілдік нұсқаларға түбір және сөзжасамдық жұрнақ жатады. Түбір сөз тілде турлі жағынан қаралып жүргенімен, дәл сөз жасаушы негізгі нұсқалардың бірі ретінде толық зерттелді деуге келмейді. Ал түбірсіз ешбір сөз жасалмайды, сондықтан ол - сөз жасамдағы негізгі тұлға. Түбір сөздің сезжасам жүйесінде өзіндік белгілі қызметі бар. Алдымен түбірлердің сөз жасаушы негізгі нұсқаның бірі ретінде танылуы оның жаңа сөздің мағынасын белгілеуде атқаратын қызметіне байланысты. Сөзжасам ісіндегі түбірдің негізгі нұсқа болып саналатын себебі түбір сездің лексикалық мағынасы жаңа сөздің лексикалық мағынасына арқау болады, негіз болады, өйткені тілде бір лексикалық мағьша екінші лексикалық мағынаның негізінде жасалады. Сөздің лексикалық мағынасының негізінде туынды сөздің жаңа мағынасы жасалады: бала-лы, бала-лық, бала-ң, бала-жан, бала-пан т.б. Келтірілген 5 туынды сөздің бәрінің мағынасында байланыстылық бар, себебі олардың бәрінің мағы-насының жасалуына бала деген бір сөз негіз болып тұр. Міне, ол осы 5 туынды сөздің мағынасына арқау болғандықтан, оларда мағына ұқсастығы, жақындығы бар, олардың мағыналық байланысы көрініп тұр. Сөйтіп, түбір сөздің мағынасы мен ол арқылы жасалған туынды сөздің мағынасы өте тығыз байланысты және ол кездейсоқ құбылыс емес, сөз жасауда үнемі сақталатын заңдылық. Оның сөзжасамда атқаратын қызметі өте күшті. Сөзжасамға түбір сөз ретінде қатысатын сөздердің бәрі лексикалық мағыналы сөздер болғандықтан, оларға тілде дербес сөз түрінде қодданылып жүрген сөздер жатады. Бұл сөзжасамдағы негізгі заңдылыққа жатады. Өте сирек жағдайда қазіргі тілдің даму сатысының дәрежесінде кейбір туынды түбірлер тілде толық мағынасы жоқ сөздерден жасалғандай болып көрінеді. Өйткені олардын құрамындағы негіз сөздер тілде казір дербес қодданылмайды. Мүндайда негіз сөздің лексикалық мағынасы байқалмайды. Бірақ бұл тілдің қазіргі кезеңіне, дәуіріне, сатысына байланысты: ұял, үұят, оян, оят, жұбан, жұбат, шалқала, шалқасынан, шалқалай, момын, момақан сияқты туынды түбірлерге негіз болып тұрған ұя, оя, шалқ, жұба, мом түбірлерінің қазір лексикалық мағынасы анық көрінбейді. Олар қазір тілде жеке лексикалық сөз ретінде қолданылмайды, сөздік қорда ол сөздер сақталмай, қолданудан шығып қалған. Сондықтан олардың лексикалық мағынасы анық көрінбейді, танылмайды, бірақ осы туынды түбірлер жасалған кезде ол негіз сөздердің лексикалық мағынасы болған. Лексикалық мағынасы болмаса, одан туыңцы түбір жасалмас еді. Жаңа сөз жасауға тілдегі түбірлердің барлық түрі қатыса алады. Оларды атағанда, мынадай: негізгі түбір, туынды түбір, біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз. Сөзжасамға негіз сөз қызметіне қатысатын бұл түбірлердің көбі (негізгі түбірден басқасы) – сөзжасам әрекетінің нәтижесінде ту-ған туыңды сөздер. Сондықтан туынды сөздер де лексикалық мағыналы сөздер ретінде сөзжасамда жаңа сөз жасауға қатыса береді. Туынды сөздер арнайы тоқталуды қажет етеді. Бұл арада туынды сөз жасауға осы түбірлердің негіз сез қызметінде қодданылуы сөз болып отыр. Алайда аталған түбірлердің сөз жасауға қатысы бірдей дәрежеде емес. Соңдықтан тіддің сөзжасам жүйесіңдегі түбір сөздердің атқаратын қызметінде де ерекшелік бар. Мәселен, негізгі түбірлер сөзжасам ісіне ең белсенді қатысатын түбірлер: бас-тық, кез-де, ақ-та, жи-ын, біл-ім, тау-лы, өнім т.б. Туынды түбірлер де сөзжасамға қатысады, бірақ олар негізгі түбірлерден өнімсіз. Ал біріккен сөз, қос сөздер мен қысқарған сөздер жаңа сөз жасауға сирек қатысады, олардың сөзжасамдық қабілеті нашар: бүгін-гі, биыл-ғы, колхоз-шы, совхоз-шы, бес-алты-сыз, алпыс-жетпіссіз, Екібастұз-дық, белбеу-лет.б. Сөз жасау ісіне тілдің сөздік құрамындағы сөз атаулының қатысы да бірдей дәрежеде емес. Тілімізде байырғы сөздермен қатар басқа тідден енген сөздер де өте көп. Осы екі топтағы сөздердің сөзжасамға қатысын салыстырғанда, оларда айырма бар. Байырғы сөздердің сөзжасам әрекетіне қатысы белсенді түрде болса, басқа тідцен енген сөздер сөзжасамға одан әлдеқайда бәсең түрде қатысады. Тілдегі әр негізгі түбір талай туынды сөздің жасалуына негіз болған. Мысалы, жел деген негізгі түбір сөзден 110 туынды түбір жасалған. Олардың бәрі бір түбірден тараған бір сөзжасамдық ұяға жатады. Мұндай сөзжасамдық ұялар тідде жиі кездеседі және олардың құрамы өте күрделі. Қазіргі тілде бір сөзжасамдық ұяның құрамындағы туынды сөздердің саны жүзден артуы жиі кездесетін құбылыс болса, көне жазба ескерткіштер тілінде ондай жағдай мүлдем кездеспейді. Осының өзі-ақ сөзжасам көрсеткіштерінің өнімділігі күшейгенін, қызметі артқанын анық көрсете алады. Бұл сөзжасамдық жүйенің дамуының нәтижесі. Сонымен бірге қазіргі тілде қызмет етіп жүрген сөзжасамдық көрсеткіштердің негізі көне жазба ескерткіштер тілінде болғанымен, сөзжасамдық көрсеткіштердің ол кезде атқарған қызметі мен қазіргі атқарып отырған қызметінің арасында үлкен айырмашылық бар. Оны сол кездегі туынды сөздер мен қазіргі туынды сөздерді сан жағынан салыстыру арқылы көреміз. Өйткені туынды сөздер - сөзжасамдық тәсілдердің тілде атқарған қызметінің нәтижесі. Бұл сөзжасамдық тәсілдердің тілде атқаратын қызметі бар-ған сайын дамып, орнығып отырғанын, ол тәсілдердің тідде қалыптасып заңдылыққа айналып, үнемі сөзжасамдық қызметі күрделеніп отырғанын дәлелдейді. Жоғарыда айтылғандардан сөзжасам жүйесін сипаттайтын ірі құбылыстарға сөзжасам тәсілдері жататыны анықталды. Бірақ сөзжасамның әр жасалуы - өте көп тараған тәсіл, оның ішкі ерекшеліктері де бар. Лексика-семантикалық тәсілде сөз мағынасының өзгеруіне байланысты ол үнемі бір сөз табынан екінші сез табына ауыса бермейді. Сондықтан лексика-семантикалық тәсілдін іштей айырмасы бар:
1) сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі;
2) сөз жаңа мағына алса да, сөз табын өзгертпей өз сөз табының құрамында қалуы.
Сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі. Ешбір тілдік бірліктің көмегінсіз, сез дыбыстық құрамын сақтай отырып, сөз мағынасы өзгеріп, басқа сөз табына көшеді. Мысалы, қорған, айтыс, жарыс, бірге, біреу, басқа, өзге т.б. Бұл сөздердің дәл осы тұлғада, осы құрамда тілде басқа мағыналары бар және ол мағыналары алғашқы негізгі мағынаға жатады. Олар:
1) қорған, айтыс, жарыс - етістік, қимыл, бірге, біреу - сан есім, сандық ұғым, басқа - сын есім, өзге - есімдік. Жоғарыда осы сөздердің: 1) қорған, айтыс, жарыс зат есімге көшкен мағынасы, 2) біреу -есімдікке көшкен мағынасы, 3) бірге, басқа, өзге -сын есімге көшкен мағынасы келтірілді. Сөздің жаңа мағынаға ие болуы, сол арқылы басқа сөз табына көшуі түрлі жолмен іске асады. Оның ішінде ғылымда заттану (субстантивация) тілдерге кең тараған түрі. Ал заттану -көбіне ықшамдау заңдылығына байланысты бо-латын құбылыс. Мысалы, қазіргі тілде бір жұма, бір жеті деген тіркестер бір-бірімен мағыналас. Осындағы жеті (апта) сөзінің заттық мағынасы алғаш "жеті күн" мағынасында қолданылып, күн сөзінің қолданыста түсіп қалып, ықшамдалуынан оның заттық мағынасы жеті сөзіне көшкен, сонда жеті сөзінің заттануына күн сөзінің қолданыстан шығуы себеп болған. Үші, жетісі,қырқы, жүзі, тоқсан (оқу мезгілі) сөздері де осы ретте заттанған. Соққан, туысқан, суыртпақ, қашаған, туған сияқты зат атаулары да жоғарыдағы сияқты сөздермен бір жол, тәсіл арқылы заттанған. Бір, біреу сөздерінің есімдікке көшуі, бірге, басқа, өзге, кетеген, қашаған сөздерінің сын есімге кешуі, бірден, етпетінен, басқа, текке, зорға, бекерге, әреңге, алға, артқа, әзірге, қазірге, күніге, кейде, артта, алда, баяғыда, қапыда, қапелімде, әуелден, ежелден, шетінен, лажсыздан, төтеден, шынымен, жайымен, түйдегімен т.б. осы сияқты сөздер үстеуге көшуі көнеру арқылы жүзеге асқан. Бұл сөздер тілде осы тұлғада, осы қосымшалармен қолданылып жүріп, бірте-бірте басқа мағынаға ие болып, жаңа мағынасына қарай сөз табын өзгерткен, бұл үрдісте сөйлем (контекст) үлкен қызмет атқарған. Келтірілген мысалдар тілдің сөздік құрамын байытуда лексика-семантикалық тәсілдің өзіндік орны барын білдіреді. Сөзжасамдык тәсілдер арқылы жасалған туынды сөздердің бәрі сөзжасам процесінің нәтижесіне жатады. Совдықтан туынды сөздер сөзжасам ілімінің зерттеу нысаны болып табылады да, сөзжасам жүйесінде негізгі орын алады.