Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы



бет4/8
Дата18.05.2022
өлшемі291,5 Kb.
#34932
1   2   3   4   5   6   7   8
Практикалық маңызы. Әдебиеттік оқу пәнінен оқушылардың отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерін арттыру үшін берілген тапсырмаларды көмекші құрал ретінде қолдануға болады.
Зерттеу базасы: №46 ЖОББМ
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

  • Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу құндылықтары белгіленді;

  • Оқушыларға елжандылық, отансүйгіштікке бағытталған тапсырмалар дайындалды;

  • Оқушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары белгіленді.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Бастауыш сынып оқушыларын әдебиеттік оқу пәні арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
1.1. Бастауыш сынып оқушыларына әдебиеттік оқу сабағында отансүйгіштік тәрбие жайында жалпы түсінік беру

Азаматтық тәрбие сана-сезімді, дүниетанымды қалыптастырудан басталып саяси идеялық тәрбие арқылы отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа әкеледі. Отансүйгіштік, ұлтжандылық, патриотизм, отаншылдық деген сөздер бір ұғымды білдіреді. Отансүйгіштік - отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуатын, білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту. Отансүйгіштік грекше patriotes- отандас, patris-отан, туған жер деген ұғымды білдіреді. Отансүйгіштік - адамның бойындағы сезімге байланысты. Шәкірттердің сол сезімін ояту, өзін өз елінің азаматымын деп сезіне білу, өзінің бүкіл елімен және халқымен туысқандығын сезу, адамды қолдап, отыратын өзінің күші мен мүмкіндіктерін, сенімін нығайтатын ең күшті сезім болып саналады. Отансүйгіштік ұғымы елдің саяси құрылысына, оның саяси мекемелеріне сүйіспеншілік пен халықтың құрамын, өзі өмір сүріп отырған мәдени ортаға (мәдениетке, адамгершілікке, елдің әдет-ғұрпына) халықтың сүйіспеншілігін, өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортаға (елдегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарға, оның еңбек жағдайларына) халықтың сүйіспеншілігі мен құрметін қамтиды. Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу міндеттеріне:



  • Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір ұлт өкілдеріне ұлтжандылық, отансүйгіштік сезімді түсіндіру;

  • Қазақстанда қызмет етуді мойындату;

  • Қазақстанды ішкі немесе сыртқы жаудан қорғауға дайындау.

Қазір буржуазиялық, пролетариаттық патриотизм жоқ. Әр мемлекет өз мүддесін қорғайды. Сондықтан елдік, отандық патриотизм немесе отансүйгіштік тәрбие бар [7; 78].
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген қоғамда жаңа идеология қалыптастыру керек болды. Бұл идеологиялардың негіздерін «патриотизм», «қазақстандық отансүйгіштік» және «ұлтжандылық» ұғымдары құралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет