«Қазақ тілі және әлем тілдері институты»



Дата17.05.2022
өлшемі15,95 Kb.
#34702
Байланысты:
мінездеме


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

«Қазақ тілі және әлем тілдері институты»

«6В01705 Шетел тілі:екі шетел тілі» мамандығының

2 курс, 201 топ студенті

Укунова Айданаға

Мінездеме

Укунова Айдана 24.01.2022-14.05.2022 ж. аралығында Алматы қаласы Білім басқармасының ''№59 мектеп-гимназия'' коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ''Үздіксіз педагогикалық-психологиялық практикасы'' бойынша практикадан өтті.

Тәжірибеден өту кезінде Укунова Айдана мектептегі барлық құжаттармен, яғни оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырумен, оқу жоспарымен, әдістемелік құжаттармен танысып талдаулар жасады. Мектеп мұғалімдерінің жұмысымен толықтай танысты.Тәжірибе өту барысында мектеп ұжымымен танысып, мектептегі мұғалімдермен де, бастауыш сынып оқушыларымен де тіл табысып жұмыс жасай алатындығын көрсетті. Ол өзін болашақта кез келген оқушымен жұмыс жасай алатын, педагогика мен психология саласынан базалық білімі бар және сол білімді іс жүзінде қолдана алатын педагог ретінде көрсетті.

Укунова Айдана өзіне жүктелген барлық міндеттерді уақытылы орындап, өз жауапкершілігін көрсете отырып, тәжірибе бағдарламасын толық орындады. Тәжірибе жұмыстарын мұқият, ұқыпты орындауға тырысты.Студент өзін сабырлы әрі жауапты мұғалім ретінде көрсете білді. Студент өзінің еңбекқорлығымен, жанжақтылығымен және тәртіптілігімен ерекшеленеді. Студент өз қателіктеріне аса мән беріп, түзету жұмыстарын жасады.



Укунова Айдананың болашақта өз жұмысын шеберлікпен атқаратын, білімді, білікті педагог болатынына сенімдімін. Болашақта тек сәттілік тілеймін.
Жетекшінің бағасы: ___________

Пән оқытушысы: ____________ Кундаулетова Е.М.

Мектеп директоры:____________ Касымова А.Т.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет