Қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеті бойынша тәрбиелеу мен оқытуды жоспарлау қызметіне арналған циклограммасы



бет47/127
Дата27.11.2023
өлшемі249,87 Kb.
#129353
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   127
Байланысты:
циклограмма -қазақ тілі

Ұйымдастырылған іс-әрекет
Ересек топ
Сәрсенбі

Балалардың киімдер, бас киім мен аяқ киімі туралы түсініктерін дамыту; ұл бала мен қыз балаға арналған киімдер, мезгілдік киімдер туралы білімдерін қалыптастыру; тазалық пен ұқыптылық жайлы түсініктерін дамыту; киімдерді негізгі ерекшеліктері бойынша заттарды жіктеу, қатынастық топтық ойындар мен жағдаяттарға қосылу дағдыларын дамыту; әдептілікке, ұйымшылдыққа, ертегілерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
Сөздіктеріне "бас киім", "пима", "ұл баға арналған киім", "қыз балаға арналған киім" сөздері мен сөз тіркестерін еңгізу; сөздіктерін киімдермен, аяқ киім мен бас киім түрлерін білдіретін сөздермен және "қыста киеді", "жазда киеді", "қыздар киеді", "ұлдар киеді", "басқа киеді", "денеге киеді", "аяққа киеді" сөз тіркестері арқылы сөздіктерін арттыру.
Жаңа жылдық мерекені елестететін әуеннің аудиотаспасы.
Алан мен Дана бейнеленген демонстрациялық суреттер.
Демонстрациялық суреттер (шкафтағы қыз бала мен ұл баланың киімдері).
Интеллектуалды картаға суретті-сызбалар, қыз бала мен ұл балаға арналған киімдер, бас киімдер мен аяқ киімдер бейнеленген фишкалардың екі тобы қарастырылған: бастапқы және аяқталған түрі.
Демонстрациялық фишкалар интеллектуалды картаның шеңберіне жапсыру үшін: "ұл", "қыз"; ұл балаға - "бас киімдер", "киім", "аяқ киім"; қыз балаға -"бас киімдер", "киім", "аяқ киім".
Жұмбақтарға арналған фишкалар: көйлек, кепка, шалбар, шляпа, кроссовки.
Демонстрациялық суреттер: ертегілер кейіпкерлері мен киім үлгілерінің сұлбалары.
Демонстрациялық суреттер: Аяз ата, Алдар-Көсе, Күлше қыз, Кішкентай Мук, Мыстан кемпір, Дымбілмес.
Демонстрациялық сұлбасы: Аяз атаның пимасыз, тон мен шапкасыз (шұлық, жейдемен).
Қыз бала мен ұл балаға арналған киім мен аяқ киімнің таратпалы карточкалар.
Аяз ата, тон, шапка, пима сұлбаларының жиынтығы.
"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Көркем сөзді мәнерлеп оқу. "Кел, Жаңа жыл! (С. Жиенбаев).
Заттарды жіктеу бойынша интеллектуалды карта негізінде сөздік жаттығу. "Қыз балаға арналған киімдер, ұл балаға арналған киімдер".
Жұмбақ жасыру арқылы интеллектуалды карта негізінде сөздік жұмыс. "Мен...таңдаймын".
Көрнекі фишкалар негізінде ым-ишара жаттығуы. "Не екенін-біз айтпаймыз, не істейміз-көрсетеміз".
Сәйкестендіру негізінде көруге арналған сөздік-логикалық дамытушылық тапсырма. "Аяз ата не киеді?".



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет