Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін кеңейту; маусымдық киімдер туралы білімдерін дамыту; ер балаға және қыз балаға арналған киімдердің атауларын ажырата білуге дағдыландыру; әйгілі ертегілердің мазмұны мен кейіпкерлері туралы білімдерін бекіту; геометриялық денелер мен қоршаған әлем туралы білімдерін тереңдету; адам өмірінің табиғатпен байланысы туралы көзқарастарын қалыптастыру; достыққа, ұйымшылдыққа, әлемге деген оң көзқарасқа, ертегілерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
Сөздікке "құлаққап", "тоқылған","ақжелкен", "текше", "шартылдақ" сияқты
сөздерді енгізу; сөздікті киім, аяқ киім және бас киім түрлерін білдіретін сөздердің көмегімен белсендіру.
Аудиожазбаны тыңдау, суретті көрсету, көркем сөз, тосын сәт, жұмбақтар мен суреттерді шешуге негізделген сөздік жұмыс,тұжырымдаманы модельдеуге арналған ауызша жаттығу, пантомима мен музыкаға негізделген артикуляциялық-ырғақты жаттығу, объектілер мен геометриялық денелерді салыстыру негізінде формаларды салыстыру және визуализациялауға арналған сөздік жаттығу, кескіндерді салыстыруға негізделген ауызша логикалық дамыту жаттығуы, материалды бекіту, қорытындылау.
Аудиожазбаны тыңдау
Жұмбақтарды шешуге және суреттерді анықтауға негізделген сөздік жұмыс. "Аулаға не кию керек?".
"Киім-кешек, Аяқ киім. Бас киімдер" ұғымдарын қалыпастыруға арналған ауызша жаттығу.
Пантомима мен музыкаға негізделген ырғақты жаттығу. "Аяз Атаға сыйлықтар".
Тосын сәт.
"Неткен ғажап сыйлықтар" атты сергіту сәті.
Заттар мен геометриялық денелер негізінде формаларды салыстыру және визуализациялау бойынша ауызша жаттығу. "Ойыншықтар және геометриялық денелер".
Суреттерді салыстыру және визуализациялау негізінде ауызша-логикалық дамыту жаттығулары. "Аяз Ата не киеді?".
Есте сақтауға арналған ауызша жаттығу. "Есте сақтайық": "Көңіл — шашылған нұр".