Ересек адамның көмегімен шағын өлең жаттауға , жаттау барысында мазмұнына деген қарым-қатынасын жеткізе білуге үйрету; қазақ тілінде қыс мезгілі туралы, қысқы мерекелер туралы білімдерін кеңейту. Қысқы іс-шаралар тек қыс мезгіліне тән деген түсініктерін бекіту; көркем сөз арқылы балалардың сөйлеуін жандандыру. Сұрақтарға дұрыс жауап беру керектігін үйретуді жалғастыру.
Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөздік қорына келесі сөздерді енгізу, "қыс", "қар", "аяз". Келесі сөз тіркестерін қолдана отырып "жаңа жыл", "шырша", "аққала" сөздік қорларын белсендіру.
"Сиқырлы ұлпа қар" ойынына арналған атрибуттар: ортасында үлкен, ламинатталған ұлпа қардың кескіні, сол ұлпақардан жан - жаққа 10 шақты ұзынды - қысқалы көк түсті таспалар таралған, әр таспаның ұшында кішкентай ғана көлемде суреттер бекітілген. "Көлеңкесін тап" дидактикалық ойынына арналған ламинатталған жаңа жылдық шыршаларды көлеңкелері.
Әр балаға арналған «Қысқы бейне» дидактикалық ойынына арналған әртүрлі геометриялық пішіндер.
"Кел, сәлемдесейік!" жаттығуы
Шаттық шеңбері. "Бақшамызға барғанда" Е. Өтетілеуұлы.
"Сиқырлы ұлпа қар" дидактикалық ойыны.
Көркем сөз. "Жаңа жыл!" тақпағын мәнерлеп оқу.
"Көлеңкесін тап" дидактикалық ойыны.
Сергіту сәті."Жаңа жыл"."Қысқы бейне" дидактикалық ойыны.
Артикуляциялық жаттығу.
Кейіпкермен қоштасу.