Қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеті бойынша тәрбиелеу мен оқытуды жоспарлау қызметіне арналған циклограммасы



бет26/127
Дата27.11.2023
өлшемі249,87 Kb.
#129353
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   127
Байланысты:
циклограмма -қазақ тілі

Ұйымдастырылған іс-әрекет
Мектепалды топ
Сәрсенбі



Балаларды "Қ-Ғ" дыбыстарымен, "Қ қ-Ғ ғ" әріптерімен таныстыру. "Қ-Ғ" әріпін ауа арқылы жазып көрсету. "Қ-Ғ" дыбыстарының айтылуы мен артикуляциясын салыстыру және нақтылау, буындарда, сөздерде, сөйлемдерде сұрақтарға жауап беру арқылы анық, дұрыс айтуға, ажыратуға үйрету. "Қ-Ғ" дыбыстарының сөздің кез келген жерінен (сөз басында, ортасында, аяғында) тауып көрсете білуге үйрету. "Қ-Ғ" дыбыстары кездесетін сөйлем ойлатып, сөзге мысал келтіріп, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрату арқылы, сөздердегі дыбыстарды анық айтуға үйретіп, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту. Төзімділікке, ұқыпты, әдемі, таза жазуға дағдыланады.
Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
"Қ", "Ғ", "көлік түрлері", "әуе көліктері", "су көліктері", "темір жол көліктері", "көліктер" сөздерін пайдалану.
Интерактивті тақта, таяқша, Қ-Ғ дыбыстарының баспа түрі және жазба түрлері, өтілетін тақырыпқа байланысты суреттер, магнитті тақта, үлестірме материалдар.
Бала санына байланысты жазуға арналған дәптерлер, қаламсаптар.
Шаттық шеңбері: "Қуан" шаттан!"
Артикуляциялық жаттығулар: Қ және Ғ дыбыстары.
Қ дыбысына басталатын сөздерді табу жаттығуы.
Ғ дыбысына басталатын сөздерді табу жаттығуы.
Сөздерді буындарға бөлу жаттығуы.
Жаңылтпаш айту: Қыс қатты – ақ, Қоғабай қомағай ма?"
Дыбыстарды сөздерде ажырату жаттығулары.
Дыбыстар жайында "ертегілер".
"Қ - Ғ" дыбыстарын буындарда ажырату. «Керісінше айт» ойыны. "Мен айтамын – қа, сен айтасың – ға... ".
Фонематикалық қабылдауын дамыту: "Кім зейінді?" ойыны.
Допты қағып ал ойыны. (Сөздерді үлгі бойынша өзгертіп айту.)
Дидактикалық ойын: "Біліміңді шыңда".
Дыбыстық талдау: "үкі", "аға" ("Кеме", "Қала", "Ғарыш" , "Гараж")
Ойын: "Кім тез ойлайды?".
Сергіту сәті. Ойын: "Дыбысты анықта".
Тіл ұстарту жаттығулары
"Көңілді көліктер" ойыны.
Жазылым жаттығуы.
Дидактикалық ойын: "Көліктердің дыбысын ажырат".



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет