«Қазақ тілі мен ә дебиеті Т2» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары тжб №3 І нұсқа Максималды балл: 30 б. Тыңдалым



бет1/2
Дата27.10.2022
өлшемі17,1 Kb.
#45718
  1   2
Байланысты:
1 нуска 7 сынып Тжб


Күні: ______
Сыныбы______
Білім алушының аты –жөні:_____________________________________

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы.
«Қазақ тілі мен ә дебиеті Т2» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары ТЖБ №3 І нұсқа Максималды балл: 30 б.
Тыңдалым
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
1. Күй түрлерін анықтаңыз
А) атақты күйлер,тартыс күйлер, тарихи күйлер,психологиялық күйлер
В) аңыз күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау, лирикалық, психологиялық күйлер
С) танымал күйлер, атақты күйлер,тартыс күйлер,лирикалық күйлер
D) барлық нұсқалар дұрыс
2. Сөйлемді аяқтаңыз.
Күй домбыра және басқа халық аспаптарында
____________________________________________________

3. Ақпараттарды дұрыс/бұрыс/айтылмаған нұсқасымен сәйкестендіріңіз.



Динаның 1880 жылы Құрманғазымен кездесуі өнерге деген сүйіспеншілігін арттырды




А) дұрыс

Құрманғазы жастайынан домбыра шертіп, көпшіліктің ілтипатына бөленді.

В) айтылмаған

Аңыз күйлер - халықтың өткен тұрмыс - тіршілігі жайлы баяндайды. 

С) бұрыс

4. Мәтін бойынша мәліметтерді толықтырыңыз.

Динаның күйлері______________________________________________________________


__________________________________________________________________________
Оқылым
Қазақ халқы төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған.Сүтін емге пайдаланған. Сүтінен шұбат, құрт, балқаймақ жасаған.Түйенің күштілігі, жүйріктігі, шыдамдылығы сияқты түрлі қасиеттері бар, соған орай оны түрліше атайды (желмая, нар, аруана, жампоз, үлек, нарқоспақ т.б.). 
Қазақтың қасиетті малдарының бірі – жылқы. Оны құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат, айғыр деп атайды. Жылқыны көлік ретінде мінген. Сүтін емге пайдаланған.Жылқының жал-құйрығынан арқан-жіп еседі, етінен жал-жая, қазы-қарта жасайды.
Сиыр малы момақан, қазақтар үшін көбінесе тамаққа жараған, ет, сүт, айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік т.б. осы сиырдың берген берекесі болған. Сиырды кейде көшке де, егіске де пайдаланып отырған.Тезегін отынға жаратқан, егіншілікте тыңайтқыш ретінде пайдаланған. Ал мүйізінен тарақ жасаған.Сиырды жасына қарай бұзау, торпақ, тана, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа деп атаған.
Қой – төрт түлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі десе де болады. «Қойдың сүті – қорғасын, қойды құртқан оңбасын» дейтін қазақтың қой өсіруге ынта-ықыласы мол-ақ. Өзі майда, өсімтал, момақан, тез ет алып, қонақ кәдеге жарап отыратын, сүті майлы әрі жұғымды қой малын ата-бабамыз ерекше қастерлеген. Қой өсу жасына орай қозы, марқа, тоқты, бағылан, тұсақ, азбан, ісек, қошқар, саулық деп аталады.
Ешкі де қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандықтан, қадірлі. Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Ешкінің сүттісін арнайы ұстап, ана сүтіне жарымаған баланы ешкі сүтімен асырайды. Ешкіні жасына қарай лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп бөледі.

1. Мәтін не туралы? Бір сөйлеммен ғана жауап беріңіз.


___________________________________________________

2. Мәтіндегі мәліметтерді кесте/сызба түрінде ұсыныңыз.



Төрт түлік мал




































Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет