Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен 9 сынып (гимназия) дарынды оқушылармен жұмыс бағдарламасы. Түсінік хат


Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жұмыстың



бет3/5
Дата06.01.2022
өлшемі22,92 Kb.
#11399
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жұмыстың

МАЗМҰНЫ.

Мектеп, соның ішінде оның мұғалімі, ең алдымен, қоғамның әлеуметтік тапсырымын, өзі өмір сүріп отырған ортаның негізгі мақсаттарын жүзеге асыру айналасында жұмыс істеуі керек. Әлемдік білім кеңістігіне ену, өзіндік орнымызды анықтау – мұғалімдер қауымының алдына зор міндет жүктеп отыр. Соның бірі және бірегейі – оқытуды жеке тұлғаға қарай бағыттау, еліміздің ертеңі жас буындардың бойындағы қабілет пен талантты дер кезінде танып, аша білу. Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық бейнені сақтау – ең негізгі құндылық. Бұл құндылық тіл беріктігіне, тілдік ортаны дамытуға тікелей байланысты. Оқылатын пәндердің нысандары тіл арқылы ғана танылады. Қазақ деген елді өзгелер дарынды түлегімен, ойшыл ғалымымен, ұлтжанды данасымен таниды, ал осындай асылдарды әлемдік биікте таныту тіл арқылы жүзеге аспақ. Ендеше, оқушының тілдік дарындылығын дамыту – бүгінгі таңдағы басты мәселе. Бағдарламаның мазмұны оқушылардың тілдік дарындылығын дамытуға бағытталған бірнеше бөліктерге бөлінген.



1-бөлім. Оқушы дарындылығын зерттеуге арналған жұмыс түрлері қамтылған. Дарындылық белгілері ретінде өз бетімен жағдаяттарды шеше алуы, тілдік қолданыстарға деген қызығушылығы өте жоғары болуы, дербес іздену жұмыстарын іске асыруы, алдына мақсат қою, жету жолдарын қарастырады; өзіне-өзі бақылау жасауы, стилдік зерттеушілік қабілеттері қалыптаса бастауы есепке алынады.

2-бөлім. Оқушылармен сабақ барысында жүргізілетін деңгейлік тапсырмалар жүйесі қамтылған. Сабақтарда интербелсенді әдістер сын тұрғысынан ойлау стратегиялары арқылы пәндік-білімдік парадигманы тілге деген сүйіспеншілік парадигмасымен алмастыратыны қамтылған. Ол сабақтың әр кезеңінде қолдануға ыңғайлы стратегиялар негізінде көрсетілген.

3-бөлім. Оқушылармен сыныптан тыс кезеңде жүргізілетін жұмыс түрлері түрлі сайыстар мен пәндік олимпиадалар және мен интернет арқылы қашықтан жүргізілетін жұмыс түрлері берілген. Яғни оқушыны жан-жақты дамыту жолдары ескерілген. Сондай-ақ, оқушылардың басқа мәдени шаралармен және қаланың, аудан мен облыстың, республика мен халықаралық деңгейде өткізілетін сайыстар мен шараларға қатысуына бағытталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет