Амазонкаларды зерттеп жүрген америкалық ғалым, жазушы Джонна Кимблвуд олардың өмірінен тың мағлұмат іздеп, кітап жазу үшін Қазақстанға келді. «1994жылы қорғаннан әйел жауынгердің табылғанын естісімен осы тақырып мені баурап алды. Мен саналы ғұмырымның жиырма жылын осыған арнадым»,- дейді Кимблвуд ханым.

Генетикалық ғылыми сараптамада ғалымдар қазіргі қазақ әйелдерінің тегі амазонкалық ханшайымдармен бірдей екенін дәлелдеп берді. Қазіргі қазақ әйелдерінің мәселе шешудегі өжеттігі дәуірінен жалғасын тауып келеді. Осы Амазонкалық образ менталдық санада, тұла бойға сыймайтын асау мінез қанша ғасыр өтсе де, сақталып қалған.
Ұлы түркі қағаны (450 жылдар) Елтеріс қаза болған соң ұлан-байтақ жерді алып жатқан елдің тағына Елбілге хатун-қағанның әйелі отырады. Халық оны сүйіспеншілікпен «Айман-Құмай» деп атаған. Бүгінгі зерттеушілер: «Геродот түркі тілін жете түсінбегендіктен, әйел жауынгерлер «айманзатты» ұғымын сәл өзгертіп, «амазон» деп атап кеткен», - деп болжайды.
Амазонкалардың ұрпақтары-қазақ әйелдері отбасының амандығымен қоса елдің ынтымағын, бірлігін бәрінен жоғары қойып, бүкіл бір рудың ұйытқысы болғандары тарихтан мәлім. Олардың мемлекттік деңгейдегі даулы мәселелерді шешуде ақылымен білімі ерлермен бірдей болды. Көшпелі елдің тағдырын шешетін алқалы кеңесте бабаларымыз әулие әжелердің ақылына жүгінген. Ақылды, қайсар қазақ әйелдері ел арасында жан-жал тудырмай, елді татуластыруда да алдыңғы орыннан көрінгені мәлім.
Қазақ әйелдерінің алдын болжай білетін көреген, еріне сенімді серік махаббатқа берік болғанын көшпенділердің тарихын зерттеген М.Малов, М.Артомонов, М.Бичурин шығармалырынан да көруге болады.