Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет48/124
Дата24.05.2023
өлшемі0,65 Mb.
#96333
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   124
Лекция тезисі: Әдіскер Т.Ақшолақов көркемшығармаға талдау жасаудың төрт түрлі әдісін көрсетеді: образ бойынша талдау, тұтас талдау, проблемалы талдау, тақырыптық талдау.
Образ бойынша талдау. Образ бойынша талдау кезінде оқушылар кейіпкер бойындағы ұнамды, адамдық қасиеттерді білуге талпынады. Әрине, шығармалағы орталық кейіпкердің барша қасиеті жеке дара ашылмайды. Себебі, автор өз кейіпкерін мәтіндегі әр алуан іс-әректтермен, оқиғалармен, бас кейіпкерлермен байланыстырады.
Тұтастықта талдау. Бұл шығарманың желісіне сай жүргзіледі. Мұнда көркем шығарманың бөлімдері бойынша ондағы оқиғаның дамуына сай автор ізімен жүре отырып, талдау жасалады. Мұның тиімді жағы шығармадағы оқиғаны, іс-әрекетті жан-жақты, жүйелі қарастыруға мүмкіндік береді. Көбіне көлемді мәтіндерді талдағанда, ондағы оқиға реті ауыстырылып, қалыс қалдырылып немесе толық баяндалмай жатады. Бұл талдау осындай мәселеде реттілікті сақтап, оқиға барысын автор баяндауынан ауытқымай жүргізуге көмектеседі.
Проблема қойып талдау. Көркем шығармада сан тарапты әрекеттер баяндалып, көптеген қарама-қайшылықты, талас-пікірлі оқиғалар туындап жатады. Демек, жазушы көтерген проблеманы танып білу керек. Осыған байланысты оқушының алдына проблемалық ситуация ұсыну қажет. Мәселен, С.Көбеевтің «Қалың мал», М.Әуезовтің «Көксерек» т.б. шығармалары өтілгенде халықтық ғұрыптың сақталуы, табиғатты қорғау, жаратылыс байлығын сақтау жайлы проблемалы сауалдар әзірлеп, оқушылардың бүгінгі күн тұрғысындағы көзқарасын айтқызуға, ой бөлісуге шақыруға болады.
Тақырыптық талдау. Талдау кезінде көркем шығарма жан-жақты, терң қарастырылады. Яғни, бір көркем мәтінді іштей бірніші тақырыптарға жіктеп, әрқайсысына атау беріп, сол ретпен талдау жүргіземіз. Бұл көркем мәтіннің тарауларын, ондағы оқиғаларды топтап қарастыруға көмектеседі.
Оқушыларға мәтінді жеке бөліктерден тұтас, кешенді талдауға дайындау қажет. Мәселен, көркем мәтіннен эпизодтарды бөліп алуға үйрете отырып, оларға жоспар құруды, шығарма бөліктеріне ат қоюды тапсыруға болады. Одан соң шығарма құрылымының ерекшелігін ашқызып, автордың идеясын, кейіпкерел жүйесін, шығарманың тіл көркемдігін айқындаймыз.
Көркем шығарманы талдау үстінде қаламгердің тіл шеберлігі де ашылады. Мәтін тілін шартты түрде екіге бөлеміз: жазушы тілі және кейіпкер тілі. Шығармадан алынған бейнелі көркем сөз оқушылардың тіл байлығын еселеп, сөздің мәнін ұғуға, эстетикалық талғамын оятуға әсер етеді.
Эпикалық шығармаларға әңгіме, роман, эпопея, мысал, хикаят(повесть) жатады. Эпикалық шығармалардың өзіне тән ерекшеліктері: шығарманың мазмұнға құрылуы, сюжеті, композициясы, тақырыбы, көркем бейнелері болуы(көркем компоненттерінің болуы).
Эпикалық шығармаларды оқытуда, талдауда, міндетті түрде мына мәселелер басшылыққа алынады:

  1. көркем шығарманың сюжеті, көтерген тақырыбы, проблематикасы;

  2. көркем образдары, образдар галереясы;

  3. автор – көркем туындыны жасаушы, көркем туындыны жазушы. Автор және көркем туынды.

Талдауда ең алдымен, оқиға, композиция назарға алынады. Солар арқылы кейіпкерлер іс-әрекеті, харктері ашылады, шығарма негізіндегі авторлық ой да көрінеді.
Эпикалық шығармаларды талдау әр буында өзіндік ерекшеліктерімен даралана талданады(сыныбы, жасына қарай).
Мысалы, 5-7 сыныптарда сюжеті, композициясы, кейіпкерлеріне назар аударылса, 8-9 сыныптарда ол тереңдей түседі, авторлық тұрғыға, оның негізінде жатқан проблематикаға көңіл бөлінеді, ал жоғары сыныптарда әдебиеттану ғылымының басты талаптарымен талдау, әдеби-теориялық негізде тереңірек талдау жүзеге асуы тиіс.
Басты оқиғаларды мазмұндату, оған жоспар жасату сюжеттік-композициялық талдаудың ең негізгі әдіс-тәсілі болады. Басты эпизодтарды бөліп ала отырып, онымен жасалатын жұмыста мұғалім көркем туындыны мүлдем ұмытып кетпейді, қайта сол эпизодты ашып, оны тұтастай қарастыру жолдарын іздейді.
Эпикалық шығармаларды образдар бойынша талдау – мектепте ең көп қолданылатын дәстүрлі әдіс. Мұндай талдаудың күрделілігі сол - олардың іс-әрекеті арқылы оқушыларға әдеби-теориялық ұғымдар туралы білім беруге де назар аударылып отырады. Тип, прототип, образ туралы алғашқы ұғымнан бастап сынып жоғарылаған сайын, олардың саны да, түсіндірудің тереңдігі мен ауқымы да арта түседі.
Эпикалық шығармаларды оқыту, талдау барысында оның негізіндегі авторлық ойға, авторлық көзқарасқа көз жүгірту – басты мәселелердің бірі. Оқушы көркем туындыны оқып отырғанда, авторды ұмытып кетеді(қай сыныпта, қай буында болса да).
Көлемді шығарманы оқытудың өз қиындығы бар. Оқушылар оны толық оқымайды да, сабақ үстінде оның игертілуі де ойдағыдай шықпайды. Сондықтан, мұғалім көлемді шығармаларды оқытуды оқушыларға алдын-ала ұсыну керек. Сонда сабақ үстіндегі талдау кезінде мұғалім өзіне тірек оқушылардың көмегіне сүйенеді. Одан кейінгі оқушыларды мәтінді оқытуға жетелейтін әдістің бірі – мәтінге жоспар құру. Егер мұғалім оқушыларға шығарма мазмұнын ашатындай мәселелердің тізбесінен тұратын жоспар жасауды үйретіп, сол бойынша нақты жауаптар алуға дағдыландырса, оқушы жоспардағы мәселелерді ашу үстінде мәтін мазмұнын игеруге талпынады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет