Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Тапсырма: 1.Қазақ әдебиеті бағдарламаларымен танысу А,2006ж 2.Мектеп оқулықтарының авторымен және мазмұнымен танысу. Глоссарий



бет41/124
Дата03.05.2023
өлшемі0,83 Mb.
#89374
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   124
Байланысты:
keshen adisteme, 2022

Тапсырма:
1.Қазақ әдебиеті бағдарламаларымен танысу А,2006ж
2.Мектеп оқулықтарының авторымен және мазмұнымен танысу.
Глоссарий:
Бағдарлы мектеп. Қоғамдық-гуманитарлық бағдарлы оқушылар үшін
Жаратылыстану- математика бағдарлы оқушылар үшін
Бақылау сұрақтары:
Бағдарламаның Түсінік хатында не айтылады?
Бағдарламаның өзгеріп отыру себептері?
Оқулық мазмұны мен құрылымы қандай?
Әдістемелік нұқсау мен көмекші оқу құралының қызметі?
Дәріс-4.Әдебиетті оқыту әдістері, жаңа технологиямен оқыту.
Мақсаты-.әдебиетті оқытудың ғылымилығы және сөз өнері ретіндегі жетекші
методологиялық принциптері, сол принциптерден туындайтын әдістемелік принциптерді игерту.
Жоспары:
1.Оқытудың ауызекі әдістері
2. Оқытудың практикалық әдістері
3. Шығармашылық оқу әдісі.
4. Эвристикалық әдіс
5. Зерттеу әдісі
6. Репродуктивтік әдіс
7. Әдебиет пәнінің мұғалімі
8. 1990-2000 жылдар-дағы еліміздегі жалпы және орта білім беру жүйесіндегі бетбұрыс.
9.Жаңартылған білім мазмұны
Әдебиет сабағында қолданылатын әдiстер.
1920-30 жылдардың өзінде пәнді оқытудың әдіс-тәсілдеріне мән беріліп , әдістеме ғылымының маңызы арта түсті.
Көрнекті әдіскер ғалым В.В.Голубков әдебиет сабағындағы негізгі үш түрлі әдісті көрсетеді.

  • Лекциялық әдіс

  • Баяндау әдісі

  • өздік жұмыстарының әдісі. Осы негізіг әдісьтерді көрсете отырып, автор әрқайсысын жіктеп береді. Мәселен, баяндау әдісі, сұрақ-жауап түріндегі әңгіме әдісі, мұғалімнің кіріспе сөзі, қорытынды сөзі, түсініктеме бере отырып оқу әдісі, мәтініні мәнерлеп оқу әдісі т.б.

Әдіс дегеніміз – белгілі бір мақсатақа жетудің, нақты міндетті шешудің жолы, тәсілі. Педагог ғалым М.Н.Скаткин: «Әдіс дегеніміз – мұғалімнің оқушыны білуге жетелейтін жолы, оынғң ақыл-ой күшін дамыту жолы» ,-деген.
Оқушылардың шыфғармашылық қабілетіне қарай И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин әдістің 5 түріне тоқталып, топтап, жүйелеп ұсынады.
1. Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс.
2.Репрдуктивті әдіс.
3.Проблемалы-түсіндіру, өзекті мәселені мазмұндау.
4. Эвристикалық, ізденушілік әдісі.
5. Зерттеу әдісі.
1920-30 жылдардың өзінде пәнді оқытудың әдіс-тәсілдеріне мән беріліп , әдістеме ғылымының маңызы арта түсті.
Мектепте өзге пәндердi оқыту әдiстерi сияқты әдебиет сабағын оқытудың да өзiне тән мiндетi мен бағдарламасы, оқыту әдiсi бар.
Түсiндiрмелi (әдiс) оқу бұның теориясын Д.И.Тихомиров, В.П.Шереметовский сияқты ғалымдар жасады. Д.И.Тихомиров кеңiстiктегi заттарды жалпыдан жалқыға қарай, алу уақыт шеңберiндегi жеке-жеке заттарды, соның iшiнде сурет пен өнер пәндерiн жалқыдан жалпыға қарай оқытамыз деген. (“Три регулятора объяснительного чтения”) деген мақаласында түсiндiрмелi оқу жанды әңгiме түрiнде өтiлуге тиiс, бiр есептен оны “саналы оқу” десе де болады дейдi. Оқудың бұл түрi бойынша сабақтан бұрын балалар 1-3кл) текстi үйде 2-3 рет оқып, әңгiмеге әзiрленедi, оны “ескертпе оқу” деп атаайды. “Барлық жайды оңды-солды, қисық, түзу түсiндiрудiң қажетi жоқ, не түсiнiксiз керек”- дейдi. В.П.Шереметовский оның ойынша, балаға соның бiрән үнемдеп, жаттығу (оқу, айту, жауап беру, жазу) жолымен жеткiзген жөн, бұл баланың дағдысын, ойын дамытуды, түсiндiрмелi оқудың кiлтiн ғалым оқу, айту, талдау деп бiледi. Бiрақ түсiндiмелi оқу емтихан түрiнде емес (оқытып көру, бақылау) жаттығу негiзiнде жүрмек. “Түсiндiру үшiн түсiндiру”, “жаттығу үшiн жаттығу” дейтiн формализмдi автор ұнатпайды. Алғашқы оқудан сан балалар көркем текстi өзiнше мақамдап оқуға тиiс, оған қысқа өлең, мысал, әңгiме қолайлы.
Екiншi сатысында түсiндiрмелi оқудың балап оқып қана қоймай, соның мамұнын айта бiлуi тиiс. Оны сөйлеуге үйрету деймiз.
Үшiншi саты талдау, шығарманың мән-мағынасын ғана бiлу элементi болмақ. Мазмұндатудың өзiн үйретуден бастаймыз, оған “шығарманың идеясы” деген қиын тұрғыдан емес, мысалдарда келетiн нақыл, мақал сөздердiң мағынасын ақытау жолымен келген жөн дейдi. Сонымен бiрге ғалым әңгiме әдiсiн (сұрау – жауап) көбiрек нақтайды.
А.Д.Альдаров “түсiндiрмелi оқуды” 2-ге бөледi. Бiрiнде бала оқыған текстiнiң мазмұнын игередi, екiншiсiнде соның құрылысын зерттеп, мәнiн ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет