Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет46/124
Дата03.05.2023
өлшемі0,83 Mb.
#89374
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   124
Байланысты:
keshen adisteme, 2022

Мазмұндау.Әдебиеттiк оқу сабақтарында оқушыларға оқыған тексiн ауызша айтқызуға үлкен мән берiледi.Мұны мазмұндау деймiз.Мұның жазбаша түрiн мазмұндама деп жүрмiз.Әрине,мазмұндау мен мазмұндаманың мақсаты оқушыны риторикаға үйрету емес,көркем текстiң мазмұнын,ерекшелiгiн ұғынып,әдеби тiлдiң нормаларын бiлу,сөз байлығына жетiлу,ойын дәл,мүшелi,дәлелдi етiп айту,оқығанын есте қалдыру сияқты толып жатқан мiндеттi көздейдi.Соған сәйкес мазмұндау мен мазмұндаманың түрi де үнемi бiр сарында,бiр формада жүргiзiлмей,сыныптың жағдайына,көркем сөздiң табиғатына,iшкi ерекшелiгiне бейiмделiп,алуан формада,түрлiше мақсат қойылып жүргiзiледi.
Мазмұндау жұмыстарының мақсаты алдымен оқыған текстiң мазмұнын,құрылысы мен тiлiн, тақырыбы мен идеясын,көркем сөздiң нәрiн ұғынудың құралы,сол негiзде баланың сөйлеу,жазу тiлiн байытып,қалыптастырудың шарасы.
Мазмұндау-жүйелi iстi, үйретудi тiлейтiн сабақтың,жұмыстың аса маңызды бiр түрi.Оған үлкен шеберлiк қана емес ,мақсаттылық та керек.Мазмұндауға қойылатын басты мақсат:
1)шығарманың идеясын ұғыну,2)оқығанын ретiмен,логикалы түрде айта бiлу,3)текстiң тiл өрнектерiн сақтап айту,4)көркемдеп айту,5)геройларға мiнездеме беру;
Сол сияқты мазмұндаудың түрi де алуан-алуан.
а) толық түрдегi мазмұндау; ә) қысқаша мазмұндау;б)шығарманың жоспарын жасатып алып,логикалық түрде мазмұндау;в)көркем мазмұндау;г)цитат түрiнде мазмұндау;ғ)әңгiменiң формасын өзгертiп мазмұндау;д)творчестволық мазмұндау;
Толық мазмұндау.Әдебиеттiк оқу жүйесiнде бала әрбiр оқылған ертегi,әңгiме,поэма,өлеңнiң басқа ерекшелiктерiмен бiрге алдымен соның мазмұнын бiлуге тиiс.Мазмұнын ұғынбай,меңгермей тұрып,оның кейiпкерлерi мен тiлiн, тақырыбы мен идеясын,құрылысын,жазушының ойын да тануға болмайды.Бұл реттен толық мазмұндау-текстi оқудан соңғы әдебиеттiк оқудың басты элементiнiң бiрi.Толық мазмұндау деген атаудың өзiнен байқайтынымыз-бала шығарманың оқиғасын түгел қамтып,өздiгiнен әдеби тiлмен,автор сөзiне жақын түрде,әсiресе ретiмен,байланысты,логикалы етiп айтып беруге тиiс.Оқыған текстiнiң мазмұнын толық қамтып ,әңгiмелеп беру-мазмұндаудың негiзгi түрi.Бұған үлкен дайындық,шеберлiк,дағды керек.Толық мазмұндау баланың оқыған тексiн қалай түсiнгендiгiнiң басты бiр көрсеткiшi бола тұрып,тiл дамытудың да негiзгi бiр шарты.
Толық мазмұндаудың өзi көбiне сюжетi бар күрделi текстерге,не оның бөлiмдерiне,кейде суреттеу,сипаттама,баяндау элементi бар өлеңдерде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет