Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет47/124
Дата03.05.2023
өлшемі0,83 Mb.
#89374
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   124
Байланысты:
keshen adisteme, 2022

Қысқаша мазмұндау.Толық мазмұндау тұсында бала оқып ұғынғанын дәл,толық қамтиды.Бiрақ кейде соның ең негiзгi буындарын,не маңызды,не маңызсыз деген нәрсенi аңғармай қалады.Әрбiр оқиғаның қажеттiсi,арқаулысы бар да ,кiшi-гiрiмi,елеусiздерi болады.Геройдың да тарихы,iсi бiрдей емес.Ненi тастап кетуге болады,ненi тастауға болмайды,мазмұндауды қай герой төңiрегiне құру керек деген мiндеттi түсiндiру үшiн 5-8 сыныпта қысқаша мазмұндау жүргiзiледi.Бұл:а)оқиғаның түйiндi буындарын,тақырыбы мен идеясын таба бiлуге жоспар;ә)логикалық түрде ойлауды дамытуға;б)қысқа,дәмдi етiп сөйлей бiлуге үйретедi.Қысқаша мазмұндау тұсында бала оқиғаның ең маңыздысын,қажеттiсiн ғана терiп айтады.Бұл толық мазмұндаудан әлдеқайда қиынырақ,сондықтан мұны балалар толық мазмұндауды бiраз игере бастаған кезде жүргiзедi.
Қысқаша мазмұндауға оқиғасы аз немесе қысқартуға келмейтiн жанрларды алуға болмайды.Оқиғасы күрделiрек,сюжетi бар,ұзағырақ повесть,әңгiме,поэма алынады.
Кейiпкердiң тарихына құрылған мазмұндау.Мазмұндаудың бұл түрiнде жеке қаhармандардың iсi ,тарихы хронология түрiнде,ретiмен көрсетiледi.Сондықтан онда мазмұн элементi мен термелеп айту тәсiлi қатар жүредi.Жеке геройлардың iсi, тарихы бiр жерден емес,әңгiменiң,повестiң,поэманың ұзын бойынан терiлiп алынады және соған лайық цитат дәлелдемелер келтiрiледi.
Сыныбына,жанрына қарай ол кейде бiр ғана басты герой тарихына,бiрде ұсақ геройлар тарихына,ендi бiрде салыстырылған,топтастырылған бiрнеше геройлар тарихына құрылады.Кейде ол тұтас тақырыпқа құрылып,түрлi тап,сословиялар адамының iсiн анықтайды.Бұл –балаларды мiнездеуге апаратын ғана жол емес,әдеби текст талдау алдындағы бiр дайындық жұмыстарының бiрi.Мұнда жеке геройлар тарихын,iсiн топтастырудың да ,сол материалдарды жинақтап,оның бүтiн тұлғасын ашудың да элементi бар.
Мазмұндаудың бұл түрi-текстiң жеке элементтерiн термелеп алудың тәсiлi болғандықтан,айрықша үйретудi,жүйелеп жүргiзудi тiлейтiн күрделi жұмыстың бiрi,қызықты iс.
Көркем мазмұндау.Бұдан бұрынғы мазмұндаулар көбiне шығарманың мазмұны мен құрылысын,геройлары мен нәрiн,идеясын танып әңгiмелеудiң құралы болса,көркем мазмұндау баланың әдеби тiлiнiң қалыптаса бастағандығын көрсететiн,творчестволық түрдегi мазмұндауға жатады.Бұл-мазмұндаудың қиын,биiк сатысы,онда көркем оқудың элементi бар.Көркем мазмұндау 5 –сыныптан бастап,6-8 сыныптың бәрiнде бiрдей жиi,көп қолданылатын форманың бiрi.Әрине,көркем мазмұндауға бала өздiгiнен,бiрден төселмейдi.Оны 5-сыныптан бастап кiшi-гiрiм текстер тұсында бiрте-бiрте үйретiп,жетiлдiрiп отырады.Ол-жақсы дайындық тiлейтiн жұмыс формасы.
Көркем мазмұндауды әуелi ертегi айту,пейзаж,сипаттау,баяндау түрiндегi прозалық үлгiлерден бастаған жөн.Үйрету үшiн алынатын материал ұзақ болмай,тұтас,шығарманың суретi айқын,тiлi көркем аяқталған бiр бөлшегi болуға тиiс.
Сынып жоғарылай келе,балалардың дағдысына сай,көркем мазмұндау тек проза бөлшектерi ғана емес,өлең мен поэма бөлiмдерiн мазмұндау,7-сыныптан бастап диалог қосып айту арнасында жүргiзiледi.Әрбiр көркем мазмұндау алдымен сыеыптағы дайындық жұмысынан басталады.Оның жолдары –мәтiндi талғап ала бiлу,мақсат қоя бiлу,оны оны оқып,жоспарын жасау,тiлдiк,суреттемелiк құралдарын анықтау,айтқызып,тұзету,үлгi көрсету ,үйге тапсырма берiп,,жүре келе өздерiне айтқызу сияқты тәсiлдер.Көркем мазмұндау көркем оқумен тығыз байланысты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет