Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет54/124
Дата03.05.2023
өлшемі0,83 Mb.
#89374
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   124
Байланысты:
keshen adisteme, 2022

Ертегінің композициялық құрылысы:

Оқиғаның экспозициясы

Ситуациясы

байланысы

дамуы

шарықтау шегі

шешуі

Үйлену

Кежекей мен Бекторы арасындағы жаулық

Егеу үшін күрес

Ер Төстіктің жер астына түсіп кетуі, ондағы оқиғалар.

Ер Төстіктің қайтадан жер бетіне шығуы.

Ер Төстік пен Кенжекейдің қайта қосылуы.



Ертегінің тілі.Ертегіде оқиғаның баяндалуында қара сөз бен өлең стилі аралас қолданылған. «Ер Төстік» ертегісінде прозалық стильдің шеңбері кеңейіп, эпостық жыр элементімен толықтырылған. Мысалы, Ерназардың жалмауыз кемпір қолына түскен жердегі айтқанын қара сөзбен берілсе ол диалог болар еді. Ертегіде кемпір сөзі прозаға, Ерназар сөзі поэзиялық монологқа құрылған:
-Оған разы болмасаң,
Атамасым атайын.
Сегізінің бір бөлек
Жалғызымда қуат боп,
Жаяуымда қанат боп,
Пана болған бір кезде
Ер Төстігім – ең кенжем,
О да болсын сенікі,
Бір әділ жан менікі,
Жіберші мені шешеке!-
дейтін Ерназар сөзі – ақындық монолог. Сол поэтикалық монологтың сезім тенденцияларына құрылған өткір бір формасы – Кенжекей мен Бекторының сөздері. Монологтың драматизмге тән формаларын Кенжекей көп қолданады. Мысалы:
Сорқұдық толғауы, Құба інген жайындағы толғау. Ер Төстіктің атымен мұңдасатын сөздері де ақындық монолог.Мысалы:
Жаяуымда қанат болған Шалқұйрық!
Жалғызымда жолдас болған Шалқұйрық!
Сасқанымда ақылым болған Шалқұйрық!
Үш жаның бар еді, екеуі шықса да,
Бірі қалған шығар Шалқұйрық!
Шалқұйрық, тіріл Шалқұйрық!
Бұл монологтардың көркемдік қызметі:
Монолог қаһармандардың ой-сезімдері, қайғы-қуанышы мен талас-тартыстарын тереңірек аша түседі. Соның нәтижесінде образ тірі тұлға болып шығады.
«Ер Төстік» ертегісінде драматизм аса күшті. Қайғылы жай, тез ауысып отыратын ой-сезімдер мол. Ертегінің лексикасы мен синтаксисі халықтық ойлау тілінің байлығына негізделген. Тілі біздің дәуірімзге бұзылмай, шұбарланбай жеткен. Өйткені ол үлкен айтушылардың қолынан өткен. Ертегінің синтаксистік құрылысы бүгінгі әдеби тілімізден көп бөлек емес.Көбіне күрделі құрмалас сөйлемдер кездеседі.
Төстік бейнесін жасауда қайталаулардың да орны ерекше.Мысалы, «Неғып жүрген жансың,- деп Төстік сұрағанда:- Жер үстіндегі Төстік жер астына түсті дегенге, соған жолдас болайын деп, жолын тосып жүрген адам едім»,- деген сөздер алты рет қайталанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет