Жаңа сабақты бекіту
Ер Төстік бейнесі мен Қобыланды, Алпамыс бейнесін және Кенжекей мен Құртқа, Гүлбаршын, Шалқұйрық пен Тайбурыл, Байшұбар бейнесін салыстыру. Сабақтың бұл кезеңінде зерттеу, ішінара зерттеу әдісі қоланылады.
Ер Төс
тік
|
Қобы-ланды
|
Алпа-мыс
|
Кенже-кей
|
Құрт
қа
|
Гүлбар
шын
|
Шал
құйрық
|
Тайбу-рыл
|
Бай-шұбар
|
Зары-ғып күт-кен ұл
|
Зары-ғып күткен ұл
|
Зары-ғып күткен ұл
|
Сүй-ген жар
|
Сүй-ген жар
|
Сүйген жар
|
Ат-ер қанаты,серігі
|
Ат-ер қанаты,
серігі
|
Ат-ер қанаты,
серігі
|
Аға-ла-рын іздей
ді
|
Елді сыртқы жаудан қорғай-ды
|
Елді сыртқы жаудан қорғай-ды
|
Сәуе-гей
Төзім-ді
|
Сәуе
Гей
Төзімді
|
Төзімді
|
Тіл біту,
сөй-леу
|
Тіл біту,сөй
леу
|
Тіл біту,сөй
леу т.б.
|
Сабақты қорыту.
Қорыта айтқанда, «Ер Төстік» ертегісі - өзінің барлық мүсіні жағынан аса көркем жасалған қазақ ертегілерінің озық бір үлгісі.
Үйге тапсырма:
Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме жазып келу.
Бағалау.
Сабақ─көркем шығармашылық жұмыс. Десек те мұғалімнің жасандылыққа, бояма сөздерге әуес болмай, нақтылыққа, ғылыми негізге сүйенгені абзал. Әдіскер ғалым
Ә. Қоңыратбаев сабақ жоспарында жиі кездесетін кемшіліктерге жол бермеу үшін мұғалімнің мына төмендегі жағдайларды есте ұстағанын жөн санайды:
1.Әдебиет сабағының жоспары көбіне схемаланған 5 элементке құрылып жүр (өткен сабақты сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, оны бекіту,қорыту, тапсырма беру). Мұның өзі сабақ сайын материалды лекция сияқты өтуге әкеледі. Сондықтан бұл 5 элемент тіл сабағы болмаса, әдебиетке онша қонымды емес;
2.Сабақ жоспары текске құрылмай жүр. Онда кіріспе, текстіні оқудан өткізу, талдау, мақамдап оқу, теориялық білім дейтін сатылар болуға тиіс. Соның жолдары, методикасы, талдамасы болмай келеді. Бұл кемшілік әсіресе 4-10 сағатқа құрылған тіркес сабақтар тұсында көзге айрықша түседі. Олар бірінен-бірі туатын жалғас сабақтар болып көрінуі тиіс.
3.Кейбір мұғалімдер сабақтың тақырыбы мен мақсатын шатыстырады. Мұның біріншісі түсінікті, ал «сабақ мақсаты» дегеніміз – сабақтың методикасы болмақ. Қай материалды қалай өтесің, түпкі мақсатың қайсы, сабақтың мақсаты осы. Сонда ғана сабақ методикаға негізделіп текске жақын түрде өтеді. Нақты негізделген сабақ жоспарларын әлі де болса жақсарта түсу қажет. Онсыз білім ойдағыдай жүйелі беріліп, тиянақты меңгерілмейді. Текстіден қашық жасалған қарадүрсін жоспарлардың берері аз. Жоспар озат тәжірибеге бастауы тиіс [25,31 ].
Ғалымның бұл айтылған ескертулерін әрбір оқытушы басшылыққа алған дұрыс, өйткені сабақ – оқу жұмысының негізгі формасы. Сабақ –дидактиканың басты заңы. Сабақ -40-45 минутке шақталған сыныптағы ұжымның жұмыс формасы. Ол әдебиет сабағында мәтінді жүйелеп жеткізу мақсатын көздейді. Сабақта мұғалім жоспардағы материалды оқушыға жүйелеп жеткізеді. Соның негізінде оқушылар білім негізін қалайды да, алған білімдерін талдау жұмыстары арқылы пысықтайды, қорытады.
Я.Коменский айтқан «көрнекілік принципі – дидактиканың алтын ережесі» демекші сабақ барысында әдебиет пәні үшін ең басты көрнекілік мәтін болуға тиіс. Мұны кезінде Ә.Қоңыратбаев өз еңбектерінде баса айтты.
Қорыта айтқанда, әдебиетті оқыту әдістемесіндегі күрделі мәселенің бірі- мәтінді талдап оқытуға негізделген сабақ жоспарының үлгісін бердік. Шолу сабағының барысында оқушылар бұрын игерген талдаудың әдіс-тәсілдерін, тиімді жолдарын таңдап, іріктеп көркемдік бірліктің тарамдалуы мен олардың одан әрі синтезделуі және тұтастығы мен құрылым заңдылықтарын ұғынады, игереді, әдеби білім алады.
Достарыңызбен бөлісу: |