Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет45/124
Дата03.05.2023
өлшемі0,83 Mb.
#89374
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   124
Байланысты:
keshen adisteme, 2022

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:1]; 2.[1.7:2]; 3.[1.7:3]; 4.[1.7:9]
Қосымша әдебиет: 1.[1.7:11]; 2.[1.7:15]; 3.[1.7:16]; 4.[1.7:17]


Дәріс-5.Көркем шығарманы талдау. Мәтінмен жұмыс.
Мақсаты-көркем шығарманы оқу мен талдауды меңгерту.
Жоспары:
1. Мәнерлеп оқу, оқуға қойылатын талаптар.
2. Мазмұндау, оның түрлері
3.Көркем мәтінді талдау, оның түрлері.
Әдебиеттi оқу көркем шығарманы оқытудан басталады.Балаға көркем туындыны оқытпай,әдебиеттен бiлiм беру мүмкiн емес. Көркем шығарманы жай оқып шағу үшiн емес,одан алған әсерi, оқушы жүрегiне,сезiмiне әсер етуiне көңiл бөлу қажет.
5-8 сыныптарда әдеби шығармаларды оқу көбiне сыныпта жүргiзiледi.Түсiндiрмелi оқу арқылы шығарманың алғашқы бөлiмдерi оқытылады. Мектеп тәжiрибесiнде осы тәсiл көп кездеседi.Себебi мүғалiм осы тәсiл арқылы шағарманы оқуды ұйымдастырады.,оқушыларға бағыт-бағдар бередi.Көркем шығарманы оқу үйде және сыныпта жүргiзiледi.Екеуi бiр-бiрiмен тығыз байланыста болу қажет.
Көркем туындыны оқуда мәнерлеп оқу, әр сөздi айқын түсiнiктi оқу, дауыс естiлiмiнiң де ашық болуы ескерiледi,талап етiледi. Дауыстап оқу мен iштей оқуды алмастырып отырған жөн. Мұғалiм үйге берiлген туындыны оқушылардың қалай оқып жатқанын назардан тыс қалдырмауы керек. Оқып бiткен мерзiмде мынадай жұмыстар жүргiзуге болады.
1.Ауызша ,жазбаша сұоақтар арқылы мұғалiм әр оқушыға әр түрлi мазмұндағы тапсырмалар бере отырып та тексередi. Мысалы:
а) өзiне ұнаған бiр эпизодты қысқаша баяндату не сол эпизодтың мазмұнының тезисiн жасату.
ә)негiзгi кейiпкерлердi жинақтау.Бiр кейiпкердiң iс-әрекеттерiнен мысалдар келтiру.
Б) жазбаша викторина жүргiзу. Мұғалiм ең негiзгi деген жерлерден үзiндi алып : Ол қай оқиғадан алынды, кiмнiң сөзi, қайда айтылған сөз ? т.б. деген сияқты сұрақтар қойып,жауап алады.
В) сынақ үлгiсiндегi ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру.
Г) бүкiл сыныпқа ортақ тапсырма- көркем туындыдан алған әсерiн қысқаша баяндап беру. (13-16 минут iшiнде орындауға болады.)
Д) Әдеби “көкпар ойыны” арқылы тексеру. Бұл жұмыста көкпарға акi баладан шығарады. Көкпарға тартылатын көркем туындылардын құрастырылған сұрақтар жазылған үлестiрма қағаздар болады. Жауап өте тез уақытта айтылу керек.
Мұғалiмнiң мақсаты – талдау кезiнде шығарма негiзiнде жатқан проблема ,оның басты ойы,,тiлi сияқты сол көркем туындыны құрып тұрғавн кркем компоненттер туралы сөз қозғау болып табылады. Көркем туындыны талдау да мұғалiм басшылығымен жүредi.
Мұғалiм талдау барысында ең негiзгi екi түрлi қызмет атақарыды.
1.Көркем туынды көтерген проблемалар, автор ойы,оның көркем компоненттерi туралы, яғни талдау ненi талап етедi соны орындату.
2. Оқушыны оқыған шағармаларын талдай бiлуге машықтандыру,дағды iскерлiктерiн жетiлдiру,әдеби талдауды үйрету қызметiн атқарады.Әдеби талдауға үйрету,баулу жүйелi де сабырлы еңбектi талап етедi.
Мәтiн бойыншы жұмыс жүргiзгенде көзделетiн тағы бiр мақсат- балалардың оқып-ұғынарлық дағдысын қалыптастыру, логикалық ойы мен тiлiн жетiлдiру,көркем сөздiң ерекшелiгiн элементтерi бойынша талдап,танып оқырлық дәрежеге жеткiзу.
Оқу жүйесiндегi дидактика принципi, яғни оқыту мен талдаудың балаларға ұғымдылығы:а) дарадан күрделiге, ә)белгiлiден белгiсiзге,б) жақыннан алысқа баруды,)көрнекiлiктi,ғ)балалардың жасы мен ой жүйесiнiң дәрежесiмен санасып жұмыс iстеу. Мәтiнмен жұмыс iстей бастаанда осы қағидаларды қатаң қолданып, бiлiмнiң мүшеленiп,тартымды берiлуiн ескерген жөн.
Мұғалiмнiң мәтiндi оқуы
Методист Липаев мәтiндi мұғалiмнiң оқуы үш түрлi болуы мүмкiн дейдi.
1.Кiтаппен оқу.
2.Өлеңдi жатқа айту
3.Прозаның мазмұнын көркемдеп әңгiмелеп беру Соңғы тәсiлге қосыла беруге болмайды.
Мұғалiмнiң оқуында кiрiспе сабақ элементi бар.Оның мәнi сол тұста баланың шығарманы ұғынуға құмарлығын ,оқуға деген ынтасын ,қызығуын тудырады.Екiншi рет оқығанда ,балалар мұғалiмдi бос қайталамай мәтәндi саналы түрде талдап, мүшелеп оқуға кiрiседi.Бiрiншгi оқу балаларды саналы оқуға үйретедi.Саналы оқу дегенiмiз – талдап оқу.
Мәтiндi балалардың өздерiне оқыту.
Екiншi сатыдағы оқу- мәтiнде балалардың өздерiне оқыту.Мұның өзi кластық-сабақтық және үйде оқу делiнiп екi салаға бөлiнедi.Кластық оқу дауыстап, көркемдеп оқуға,үйден оқу iштен оқуға негiзделедi.
Шығарманың бөлiмдерiн талдап оқу.Түрлерi:Шығарманың бiр бiткен бөлшегiн жеке балаға оқыту,сол бөлiмдi бiрнеше балаға оқыту, рольге бөлiп оқыту,бiр немесе бiрнеше балаға жатқа оқыту.
Сабақ үстiнде көркемдеп оқуға үйретуде.
Көркемдеп – мақамдап оқуға үйрету - әдебиеттiк оқудан күтiлетiн басты нәтиженiң бiрi. Мұғалiм балалардың жылдам, сананалы оқуын үздiксiз жетiлдiре отырып оларды соның биiк шыңы көркемдеп оқу дәрежесiне жеткiзу қажет. Көркемдеп оқуға төселдiрудiң жолы – нұсқау емес, үйрету оның жолдары.

  1. Мұғалiмнiң көрсеткен үлгiсi.

  2. Көркемдеп оқудың шарттарын ұғындырып, оны қолдандыра бiлу.,

  3. Көркемдеп оқуды әрбiр мәтiнмен тығыз байланыстырып, әуелi оны ұсақ элементтерден бастап, бiрте-бiрте тұтасқа апару.,

  4. Әсiресе көбiрек жаттықтыру.

Кiрiспе оқудың өзi а) даралап оқу, ә) ролге бөлiп оқу, б) бiрлесiп оқу түрiнде үйретiледi.
Баларды көркемдеп оқуға үйретуде қолданылатын жұмыс жүйесi:

  1. Мұғалiмнiң өз сөзi әр кезде көркем сөздiң жақсы үлгiсi болуға тиiс. Оның сөйлемi аяқталған, қысқа, әр алуан, тiлi әдеби көркем, дәл әсерлi болуы мiндет, екпiннiң әр түрлi тәсiлiн, үлгiсiн көрсетiп отыру керек.

  2. Әдебиет сабағында балалардың тiл, сөйлем техникасына, олардың стилитикасына күнбе-күн көңiл бөлiп, сөзiн түзетiп, әдеби тiлге жетiлдiредi.

  3. Мәтiндi жаттау, цитат қолдану, мақал-мәтел афоризмдердi, образдық сөздердi меңгеру жолымен олардың тiл сөз байлығын жасайды.

  4. Осы мақсаттарды орындату үшiн ол мұғалiм көркемдеп оқуға жие-жие сабақтар бөлiп үйрету дағдыларын iстерiн жүргiзедi.

Мәнерлеп оқудың шарттары:
Көркемдеп оқу шығарманың идеялық – эмоциялық мазмұнын дауыс ырғағын таныта оқуды көздейдi.

  1. Мәтiндi бiр қалыпты, манатондық ырғақта оқымай, бiр жерiнде дауысты күшейтiп, бiр жерiнде бәсеңдеп оқу.

  2. Дауыстың жуан жiңiшкелiгi.

  3. Сөздiң баяу немесе жылдамырақ айтылуы.

  4. Ырғақ ритмнiң ескерiлуi.

  5. Дауыстың құбылысы.

Көркем әдебиеттi өздiгiнен оқу. Бұл көбiне үйде оқылады. Мұғалiм үйде оқылатын
мәтiндердi күн iлгерi бередi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет