Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Тақырыбы: Кеңестік дәуірдегі әдебиетті оқыту әдістемесінің дамуы. Жоспары



бет81/124
Дата03.05.2023
өлшемі0,83 Mb.
#89374
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   124
Байланысты:
keshen adisteme, 2022

Тақырыбы: Кеңестік дәуірдегі әдебиетті оқыту әдістемесінің дамуы.
Жоспары:
1.1917-1927 жылдар. Әдебиет пәнінің кеңестік идеологияны орнықтырушы қоғамтану құралы ретінде оқытылуы
2.1939-1990 жылдарда әдебиеттің мектепте оқытылу жайы
3.Әр кезеңде мектепке арналған әдебиет пәні бағдарламалары мен оқулықтары(С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, С.Қирабаев, Ш.Кәрібаев, Т.Ақшолақов т.б. еңбектері)
Мақсаты: Кеңес дәуірі тұсындағы әдебиетті оқыту әдістемесінің дамуы, оқу бағдарламалары мен оқулықтар, авторларымен таныстыру.
Тексеру сұрақтары:
1.ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ даласында ашыла бастаған орыс-қазақ мекиептері туралы баяндаңыз.
2.ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда мектептік білім жүйесі қандай дәрежеде болды?
3.ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресей педагогтарының пікіріншет пәнді оқытудың мақсаты неде?
4.ХХғасырдың бас кезіндегі қандай баспасөздерде қазақ ағартушыларының пікірі жариялана бастады?
Глоссарий:
Ағартушы – а) ғылым-білімді тарату; б) ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында кең тараған прогрессивті идеялық ағым.
Педагогика - адам тәрбиесі туралы ғылым, тәрбиенің мақсат-міндеттері, заңдылықтарын ашады, білім мен оқытудың адам тұлғасын қалыптастырудағы рөлін анықтайды.
Хрестоматия - өз бетімен білім алу үшін белгілі бір ғылым саласында жүйелі жинақталған материалдар жинағы.
Сызбалар, тапсырмалар, ситуациялар:
М.Әуезовтың педагогикалық еңбектеріне талдау жасау.
Интерактивті әдіс: өз позициясын ұстану
Түрі: ғылыми семинар
Формасы: талқылау
Мәнжазба тақырыптары:
1.Шәкірттің сөз өнерінен поэзияға деген көркемдік талғамын қалыптастыру
2.Әдеби жанрлар ерекшелігін таныту
Блиц-тесттер:
1.Әдебиеттік оқу жүйесінің методикасын қазқ мектебіне енгізе отырып, Ыбырай Алтынсарин үш түрлі фактор ұсынды
А) Материал, берілу тәртібі, оқушы
В) Хрестоматия, жаттау, мұғалім С) Мұғалім, мысал, этика
Д) Мұғалім, материал, мектеп
Е) Әдістеме, мазмұндама, тіл ширату
2.Мұғалімнің тамыз конференциясында өзге мектеп мұғалімдерімен бірлесе отырып жасайтын жоспары
А) Жылдық В) Тақырыптық С) Сабақтық
Д) Күрделі жоспар Е) Жай жоспар
3. Ы.Алтынсарин мектебінің ерекшелігі
А) Құранды жатқа оқытқызу
В) Ғылым мен ұлт тілн мектепке енгізуге қарсы болды
С) Прогресшіл көзқарасты жақтамады
Д) Оқуды орыс педагогикасымен ұштастырды
Е) Жауаптардың бәрі дұрыс
4.1937 жылы Алматыда тіл мен әдебиет мұғалімдерінің
құрылтайында қандай мәселе сөз болды?
А) Оқулықтар жазу В) Әдебиет пәнінің оқытылу жайы
С) Бағдарламаны сол күйінде қалдыру
Д) Мұғалімдер даярлау
Е) әдебиет пәнін қоғамтану пәнінің құрал ретінде ұсыну
5.1938 қай автордың хрестоматиялар жарық көрді?
А) М.Әуезов В) С.Мұқанов С) С.Торайғыров
Д) М.Жұмабаев Е) Ә.Қоңыратбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет